Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот кабинеті сервисін пайдалану тәртібі

Сот кабинеті сервисін пайдалану тәртібі


 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі іске қосылып, бүгінгі таңда жұмыс барысында пайдалануда.

«Сот кабинеті» арқылы электрондық құжаттарды сотқа бармай, ғаламтор арқылы жүгінуге мүмкіншілігі көзделген.
Аталған жүйеде талап арыздардың үлгілерімен танысу, талап қою, сот актісін алу кезіндегі мемлекеттік баж салығын анықтауға арналған калькуляторлар орнатылған.
Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет.
«Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.
«Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады.
Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторзациялау рәсімінен өткеннен кейін:
1) талап арызбен;
2) сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен;
3) сот отырысының хаттамасына ескертумен;
4) өтінішпен сотқа жүгіне алады.
Бір рет тіркелгеннен кейін осы адам кез келген жерде «Сот кабинеті» арқылы түрлі ақпараттар мен мәліметтерді, құжаттарды жолдап және ала-алады.
Сонымен қатар, істің қай күні қаралатыны, қай жерде, қай уақытта біле алады , сот актілерін ала алады.
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі (бұдан әрі – «Сот кабинеті») арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесінде оларды қабылдау, тіркеу және өңдеу тәртібін реттейді.
Ә.Науанова
Шиелі аудандық соты әкімшісінің жетекші маманы
19 қыркүйек 2023 ж. 153 0

Қоғам

Үлкен жүректі жан
25 қыркүйек 2023 ж. 73

Отбасы – ұлттың тірегі

25 қыркүйек 2023 ж.

90 бос жұмыс орны бар

25 қыркүйек 2023 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9137)

26 қыркүйек 2023 ж.

№75 (9136)

23 қыркүйек 2023 ж.

№74 (9135) 1-2

19 қыркүйек 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам