Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БИЫЛ ЖОО-на ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ МЕ?

БИЫЛ ЖОО-на ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ МЕ?


Құрметті оқырмандар! Соңғы рет біз ҰБТ-2018 кезіндегі ең маңызды өзгерістер мен жоғары оқу орындарына түсудегі жалпы іріктеу емтихандары туралы жариялаған едік.
Ең бастысы: биыл 11 (12) сыныпқа арналған қорытынды аттестация форматы және ҰБТ-ның барлық пәндері өзгеріссіз қалды.
Бүгін біз ата-аналар мен оқушыларға артық болмас деген оймен қосымша мәліметтер беруді жөн көрдік.
Ендігі сөз ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Ұлттық тестілеу орталығында”:
Сұрақ: ҰБТ-ны 2 бөлікке бөлу қағидасы сақтала ма? (мектеп бітіру емтиханы және жоғары оқу орнына түсу үшін тапсырылатын емтихан)?
Жауап: Иә. сақталады.
Сұрақ: SAT әдіснамасының (және өзге де АСТ секілді) қосылуына орай ЖОО-на түсу ережесі өзгерді ме?
Жауап: 2017 жылы Бірыңғай ұлттық тестілеу форматы (бұдан әрі ҰБТ) Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің ерекшеліктеріне және халықаралық тәжірибені ескере отырып өзгертілді (соның ішінде SAT – Америка құрама штаттарындағы жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған стандартты тест). ҰБТ жаңа форматына сәйкес, оқуға түсуші сауатты оқудан, математикадан сауаттылықтан, сондай-ақ таңдаған мамандығына байланысты бейіндік екі пән бойынша тестілеуден өтуге тиіс.
Сұрақ: Дұрыс жауаптарды болжайтын екіұшты сұрақтар алынып тасталған ба?
Жауап: Өздеріңіз білетіндей, тест тапсырмалары кемшіліктерінің бірі - дұрыс жауапты болжау арқылы таңдау болып отыр. Бұл мәселені шешу үшін тест тапсырмаларының мазмұны, соның ішінде дұрыс емес жауаптарды (дистрибаторларды) іріктеу жыл сайын жетілдіріліп келеді. Бұл - болжау мүмкіндігін барынша азайтады. Сонымен қатар, бейіндік пәндер бойынша тест тапсырмалары ұсынылған көптеген жауаптардың ішінен біреуін немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау талабымен құрастырылған, бұл іс жүзінде болжау мүмкіндігін жоққа шығарады.
Сұрақ: Жоғары оқу орындарына түсу үшін бейіндік пәнге арналған максималды балл өзгере ме?
Жауап: Университетке түсу үшін ҰБТ пәндері бойынша максималды балл өзгеріссіз қалады. Яғни, ұлттық жоғары оқу орындарына - кемінде 65 балл, ал “Білім”, “Ауылшаруашылық ғылымдары” және “Ветеринариялық медицина” мамандықтары бойынша - кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына кем дегенде 50 балл және “Жалпы медицина” мамандығы бойынша, кем дегенде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикадан сауаттылық, сауатты оқу – білім алған тілі бойынша кемінде 5 балл - және әр бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл.
Сұрақ: Білім грантын тағайындауда “Алтын белгі” иегерлерінің артықшылықтары сақтала ма?
Жауап: ҚР “Білім туралы” заңына енгізілген түзетуге сәйкес, талапкерлердің балы бірдей болып тұрған жағдайда ғана білім грантын тағайындауда “Алтын белгі” иегерлеріне басымдық беріледі.
Сұрақ: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге мемлекеттік тапсырыс көлемінің ұлғаюы жалпы ҰБТ үдерісіне әсер ете ме?
Жауап: Баршаға мәлім, 2018 жылы Президенттің тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау үшін қосымша 20 000 грант бөлінді. Оның ішінде гранттың басым бөлігі техника және педагогика мамандықтарына басымдық беріледі. Бейіндік пәндерді таңдағанда, осы факторға мән берген жөн. Грантқа түсу үшін қажетті пән таңдауға 10 мамырға дейін уақыттары бар. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге мемлекеттік тапсырыстың ұлғаюы ҰБТ-ға қатысу өтінімдері санын да көбейтеді. Өйткені максималды балл жинаған талапкердің жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі ұлғаяды.
ҰБТ-2018 тақырыбы бойынша өзекті мақалалар:
- ҰБТ және аттестациялаудың қорытынды ережесі: биыл ата-аналар мен оқушылар қандай мәселеге баса назар аударғаны жөн?https://www.facebook.com/edugovrk/posts/2041825769363446;
- Баспасөз конференция тақырыбы: “2018 жылғы ҰБТ-ға дайындық барысы” https://www.facebook.com/ortcomkz/videos/1792499337440247/
ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК
11 мамыр 2018 ж. 2 094 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930