«KAMAL TEA-ДАН» АУЫЗ ТИ
Шиелілік жас кәсіпкер Ақтолқын Құланбай гонконгтік вафли сататын дүңгіршекті ашқанына 1 жыл болыпты. Дүңгіршек деуге келмейдіау. Себебі шағын ғимаратқа кірсеңіз, құдды бір ертегі әлеміне енгендей боласыз.
«Kamal tea» аудан орталығындағы Сейфуллин көшесінде орналасқан. Осыдан бір жыл бұрын ашылған ғимаратта жас пен кәрісі қатар кезекке тұрып, тәтті вафлиді алуға асығады. Керек десеңіз мұнда үйге дейін жеткізіп беру қызметі де бар. Соңғы кезде аудан орталығында фасфуд өнімдерін сататын сауда нысандары көптеп ашыла бастады. Тез дайындалатын әрі тәтті тағамдарға әсіресе жастар құмар. Жаңа кәсіпті ашуға бел буған Ақтолқын да алдымен тұтынушылар аудиториясын зерттеп алыпты. – Жастардың негізгі ақпарат көзі әлеуметтік желі ғой. Бизнесті бастамас бұрын мен де әлеуметтік желіні ұзақ ақтардым. Жаңа кәсіпті неден бастау керектігін ойландым. Сосын мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламасын естіп, қатыстым. Нәтижесі жаман болған жоқ. Оттегі коктейлін жасайтын жобам сәтті өтіп, мемлекеттен қайтарымсыз грант алдым. Бұл оттегі коктейлі – адам ағзасына өте пайдалы. Өз кәсібімдегі ассортиментті көбейту мақсатында мәзірге бабл ти және гонконгтік вафлиді қостым. Өйткені қазір елімізде, көрші Ресейде тез дайындалатын тағам дайындау үрдіске айналды. Әрі біздің кәсібіміз аса көп шығынды қажет етпейді. Жастардың арасында да сұранысқа ие, – дейді жас кәсіпкер. Осылайша Ақтолқын жаңа кәсіпті бастауға бел буады. Бірақ алдымен «Кәсіпті қалай бастау керек? Тұтынушыларды тарту үшін жас кәсіпкер не істеу керек?» деген сұрақтарға көп ізденеді. Сөйтіп үздіксіз ізденіс пен жақындарының қолдауы Ақтолқынға үлкен жігер береді. – Ірі сауда нысандарындағы орын құны өте қымбат болғандықтан осындай шағын дүңгіршекті таңдадық. Вафли дайындайтын жабдықтар мен оған қосатын дәмдеуіштерді сатып алдық. Ішін арнайы әрі ерекше дизайнмен безендірдік. Қазір тұтынушыларды тарту үшін түрлі жеңілдіктер ұйымдастырып жатырмыз. Егер 4000 теңгеге сауда жасайтын болсаңыз, арнайы коктейльдер мен түрлі жемісті сусындар сыйға беріледі, – дейді Ақтолқын. Бүгінде әлемнің біраз еліне танымал гонконгтік вафли алғаш рет Қытайда шығарылыпты. Бұл вафлидің ерекшелігі сол сатушы демде көз алдыңда дайындап береді. Екі вафлидің ортасына алушының қалауы бойынша түрлі тәттілер мен соустар, қоюлатылған сүт, балмұздақ қосылады. Ақтолқын кәсібі дөңгеленіп кетсе, оны кеңейтпек ниетте. Бұл кезде вафли құрамына да өзгерістер енгізеді. Ірімшік пен түрлі жеміс-жидектерді қосып сатса, құнарлы тамақ болады. Қазір бір вафлидің құны 1200 ден басталады. – «Әрбір сарбаз қолбасшы болуды армандайды» демекші, біздің де алға қойған мақсатым өте көп. Бірақ қазіргі көздегенім – осы дүңгіршектің жұмысын жандандыру. Жалпы елімізде жас кәсіпкерлерге қолдау бар. Бірақ әлі де болса жеңілдіктер қажетақ, – дейді жас кәсіпкер. Ақтолқын жастарды ештеңеден қорықпай, кәсіп ашуға үндейді. Неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым табысқа кенелетінін айтады.
Сұлушаш МАДИЯРОВА