Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мысырда сусын ішуден жарыс өтті 

Мысырда сусын ішуден жарыс өтті 


Египеттің Танта қаласында жергілікті кәсіпкер сусын ішуден сайыс ұйымдастырды. Қант құрағынан жасалған тәтті судың 12 литрін екі адам жарысып ішу керек. Қайсысы тезірек тауысады –  соған 6 доллар жүлде беріледі. Ал жеңілгені дәл сол мөлшерде ақша төлеуі тиіс. Алайда дүкен қожайыны келер аптадан бастап жаңадан жүлде тағайындамақ. Сайыс жеңімпазы мен оның екі досы жарты жыл бойы осы дүкеннен қан құрағының шырынын тегін іше алады. Осылайша кәсіпкер сусын сататын дүкенге көбірек тұтынушы тартудың амалын тапқан. Айта кетерлігі, 1959 жылдан бері істеп келе жатқан дүкеннің танымалдығы тек соңғы төрт жылда артқан. Отбасылық кәсіпті қолына алған Мұхаммад Мұстафа Дауыт ара-тұра осындай сайыстар ұйымдастыру арқылы атакәсіпті дөңгелетіп отыр. Жалпы, Египет халқы жылына үш миллион тонна қант құрағын тұтынады. Алайда жергілікті өндірушілер екі тоннасын ғана өндіреді, қалғанын сырттан тасуға тура келеді екен. 

www.24.kz
14 наурыз 2019 ж. 874 0