Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Coca-Cola жаңа сусын шығарады

Coca-Cola жаңа сусын шығарады



Coca-Cola компаниясы соңғы 10 жыл ішінде алғаш рет жаңа сусын шығарады. 25 ақпанда компанияның Orange Vanilla деп аталатын жаңа сусыны сатуға шығады. Жаңа сусын апельсин және ванил дәмін береді. 

Компанияның бренд-директоры Кейт Карпентердің айтуынша, ерекше сусын түрлі жеміс пен апельсин араласқан балмұздақты еске салады. "Біз мынадай қақаған қыста жазғы демалыстар туралы жағымды естеліктерді еске салуға шешім қабылдадық", – дейді Карпентер.

Coca-Cola компаниясы таңқурайлы, лимонды қоспалар секілді басқа дәмдерді тәжірибеден өткізіп көрген. Бірақ дегустаторларға тек ванил мен апельсин қоспасы ұнаған. ©wtol.com Айта кетейік, "Кока-кола" сусынын 1886 жылдың 8 мамырында фармацевт Джон Стит Пембертон ойлап тапқан.

The Coca-Cola Company компаниясының өнімі 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд атанды. Бұл сусын 200 астам мемлекеттерде сатылады. Қазір компания Coca-Cola, Diet Coke, Fanta, Schweppes және Sprite атты сусындарды өндіреді.

massaget.kz
11 наурыз 2019 ж. 774 0