Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Coca-Cola компаниясы алкогольді сусын шығарды

Coca-Cola компаниясы алкогольді сусын шығарды



Forbes журналының рейтингі бойынша 2018 жылдың ең қымбат брендтерінің арасында үздік алтыншы орынға иелік еткен әйгілі Coca-Cola компаниясы биыл алғаш рет алкогольді сусын шығарды. Lemon-Do деп аталатын ароматты газдалған сусын тек Жапонияда сатылымға шыққан. Бұл жайында компанияның жеке сайтында хабарланды. Жапонияның Кюсю аралдарындағы дүкен сөрелеріне шыққан Lemon-Do өнімі 3 түрлі пайыздық алкоголь көрсеткішімен сатылып жатыр. 3%, 5% және 7%-дық деңгеймен тұтынушыларға жол тартқан сусынның ыдысы – 350 мл көлемде. Ал, бағасы – $1.4 доллар. Компания бұл өнімді Күн шығыс елінің тек Кюсю аралдарында ғана сатылымға шығарып отыр. Сонымен қатар, әлемдік нарыққа енгізуге де асығыстық жоқ екенін алға тартады. Fortune басылымының хабарлауынша, Жапония – Coca Cola өнімдерін тексеруден, тестілеуден өткізетін бірегей орын. Атаулы компания бұл мекенде жылына 100-ге жуық азық түрлерін сынақтан өткізеді. Соның ішінен, әлемдік нарыққа тек ондаған түрі ғана жол тартады. Естеріңізге сала кетейік, Coca-Cola дәл осы алкогольді сусындар шығару жайлы жоспарын алғаш рет 2017 жылдың наурыз айында хабарлаған еді.
Massaget.kz
30 мамыр 2018 ж. 1 718 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930