Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік – арайлап атқан таң нұры

Тәуелсіздік – арайлап атқан таң нұры

Тәуелсіздік деген қадірлі сөзді естігенде қаны қазақ әрбір азаматтың жүрегі тебіреніп, рухы көтерілетіні анық. Ұланғайыр даланы найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз, батырларымыздан бастап, кешегі желтоқсан боздақтары ел жадынан өшпек емес.
Биыл ел тәуелсіздігінің 32 жылдығы. Осы уақыт ішінде жас мемлекетіміз талай асудан асып, биік белестерді бағындырды. Әлемге Қазақстанды танытатын үлкен тарихи оқиғалардың бастамашысы бола білді. Қанатын кеңге жайған жас мемлекет дәуірлік өзгерістерден тайсалған жоқ. Қанында қайсарлық бар текті халық екенін дәлелдеді. Халқымыздың әл-ауқатын жақсартып, ел экономикасын көтеріп, еркіндігімізді нығайту жолында қаншама жұмыстар жасалынғаны баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда дана халқымыздың саналы ұрпақтары заман талабына сай технологиялық жобаларды ойластыру арқылы еліміздің гүлденуіне септігін тигізіп жатқандығын байқай аламыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тар жол тайғақ кешумен келген Азаттығымыздың қадір-қасиетін ұғынып, елімізді қалға қарай өркендету үшін жыл сайын жаңа Жолдау жариялап, түрлі бағдарламалар ұсынуда. Бұл да жарқын болашаққа бағытталған нық қадам.
Кешегі болашағы бұлыңғыр қазақтың ­бастан кешкені бүгінде тарих беттерінде қалды. Тәуелсіздік жолындағы күрестің бірі де бірегейі 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі. Қазақ жастары жоғары биліктің шешімімен келіспегендіктен наразылық білдірді. «Қазақстандағы билікті қазақ басқаруы керек» деп кеңестік билікке ашық қарсы шықты. Алаңды жанқиярлық ерлігі арқасында бостандықта өмір сүру бақытына ие болдық. Осылайша көптен күткен тәуелсіздікке қолымыз ХХ ғасырдың соңында жетті.
1991 жылы тәуелсіздігімізді алып, дербес мемлекет болдық. Салт-дәстүріміз, діліміз, дініміз қайта жаңғырды. Азаттықтың ақ таңы атты. Ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды.
Қазіргі таңда қазақ даласын Тәуелсіздік деген тылсым күш тербеп тұр. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін бұл күн – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
Тәуелсіздік тәңірдің ұрпаққа берген бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Оны қастерлеп, құрмет тұту, кейінгі ұрпақтың бойына сіңіру – қазақстандықтардың борышы және міндеті. Қазағымның қуанышы көп болғай. Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды етсін!

Айдана Ақылбекова,
Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі, арнайы пән оқытушысы
26 желтоқсан 2023 ж. 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930