Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада жарқырайтын тіреуі бар бағдаршам пайда болды

Астанада жарқырайтын тіреуі бар бағдаршам пайда болды



Астанада жарқырайтын тіреуі бар бағдаршам пайда болды. Бұл туралы Astana Innovations АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев Facebook желісіндегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Today.kz.
Бағдаршам Есіл сауда үйінің қарсы бетіндегі Республика даңғылына орнатылған. 
Smart city жобасына орай орнатылған бағдаршам тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтады.  

Олжас Сартаевтың сөзінше, бұндай бағдаршамдар Киевте, Мәскеуде, Дубайда және басқа да әлемдегі ең ірі мегаполистерде қолданыста бар.
"Қала билігі жолда толық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қаладағы жол апатын азайтуды тапсырды", – деді ол. Сол үшін жаяу жүргіншілерге арналған ақ жолақты барынша тиімді етіп орнатқан дұрыс.   
"Енді жүргізушілер бағдаршамның түсін ауыстырып алмайтынына толық сенімдімін, өйткені бағдаршам тұман күндері де алыстан анық көрінеді. Белгінің жарығы тек бағдаршаммен шектелмейді, өзі орнатылған биік жарыққа да беріледі. Сондай-ақ жүйеге дыбыстық көмекші орнатылған, ол бағдаршам түсін айтып тұрады, яғни жүйе көзі көрмейтін тұрғындарға да пайдалы", – деді Олжас Сартаев. 
Компания басшысының сөзінше, бұндай бағдаршамдар Астананың басқа да көшелеріне қойылатын болады. 

08 мамыр 2018 ж. 1 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930