Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті

Өткен аптаның жұма күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шиелі ауданы әкімдігі жанынан құрылған құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Ведомствоаралық комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов ашып, жүргізді.
Жиында 2 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша «Аудан көлеміндегі жалпы қылмыстылық жағдайы және оның алдын алуға байланысты профилактикалық жұмыстардың тиімділігі» тақырыбында Шиелі аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Т.Жүсіпов баяндама жасады. Аудандық полиция бөлімінің баяндамасынан кейін аудан әкімінің орынбасары тарапынан кент, Сұлутөбе, Жөлек, Ортақшыл, Телікөл, Жуантөбе, Қарғалы ауылдық округі әкімдеріне мал падасын ұйымдастыру мәселесі қалай шешіліп жатқаны жөнінде сауал қойылды. Сондай-ақ Ерсұлтан Апетов аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Т.Жүсіповқа жол-көлік оқиғасы көп орын алатын көшелерде орналасқан жол белгілері мен көшедегі бейне камералар жөнінде бірқатар сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар айтылды.
Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе аудан аумағындағы бейнекамералардың жұмысы жөнінде аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғ.Аманжолов хабарлады.
Жиын соңында баяндамашыға бейнекамералардың жұмыс істеп тұрғандарының саны мен сапасына тоқталып, камераларға бөлінген бюджет төңірегінде сауалдар қойылды.

Дархан Ғалымжанұлы

20 желтоқсан 2023 ж. 114 0