28 адам қара жолдың құрбаны болды
Қазір елімізде жол-көлік оқиғасы басты мәселе болып тұрғанын өткен газет сандарында жазған болатынбыз. Биыл ауданда 10 айдың қорытындысымен 56 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 28 адам қара жолдың құрбаны болса, 88 адам түрлі дене жарақаттары бойынша зардап шеккен. Ал өткен жылы ауданда 45 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 19 адам көз жұмып, 52 адам дене жарақаттарын алған. Биыл жолдан келер қауіп өткен жылға қарағанда едәуір көбейген.
Осындай қайғылы жағдайдың орын алуына тағы бір себеп жол бойында бейберекет жайылып жүретін төрт түлікке қатысты. Елімізде жолға шығып кеткен малды басып кету дерегі бойынша орын алатын жол-көлік оқиғалары көп. Осылайша үйдегі малын қараусыз жіберетін тұрғындар адам өліміне себепші болып жатады. Осы тақырып аясында дүйсенбі күні «Семізбай – U» ЖШС-ның «Иіркөл» филиалының өндірістік қауіпсіздік қызметі мамандарының ұйымдастыруымен аудан әкімдігі және полиция бөлімі мамандарымен бірлесіп, жақын маңдағы елді мекендердің жүргізушілері мен тұрғындары арасында жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында жүргізушілер жол-көлік апаты кезіндегі іс-қимыл тәртібімен, қолайсыз ауа райы кезінде жол бойында қауіпсіз жүріп-тұру ережелерімен, ҚР Жол қозғалысы ережелерін сақтау талаптарымен танысты. Филиал мамандары елді-мекендегі жүргізушілерге жадынама буклеттерін табыс етті.
Дархан Ғалымжанұлы