Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘСКЕР ҚАТАРЫ ТОЛЫҚПАЙ ТҰР

ӘСКЕР ҚАТАРЫ ТОЛЫҚПАЙ ТҰР

Әскерге барып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге құлықсыз жас­тар еліміздің барлық аймағында кездеседі. Демек, жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатындағы іс-шараларды жиі ұйымдастырып, әскерге шақыру науқанына ертерек қамданған жөн.
Аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Әпетовтің төрағалығымен өткен отырыста күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық жайы пысықталып, ұйымдастыру жұмысындағы кемшін тұстар сөз етілді. Сонымен қатар ­облыста ауыл шаруашылық өнімдерінен өткізілетін жәрмеңке, тосын мінез танытатын ауа райына әзірлік барысы да әңгіме болды. Жиынға аудандық азаматтық қорғаудың қызмет басшылары, дербес бөлім және мекеме басшылары оффлайн түрде қатысса, барлық ауыл әкімдері Zoom платформасы арқылы онлайн түрде бой көрсетті.
Алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары әскерге азаматтарды жіберудің маңыздылығын тілге тиек етіп, «Әскерге баруға ниеттілердің аз болуы бәлкім, біздің түсіндірме жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізе алмауымыздан туындауы мүмкін. Түсіндірме жұмыстарын мейлінше өнімді жүргізу керек» деді. Одан әрі сөз алған аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы: «Биыл Шиелі ауданынан 105 азамат әскер қатарына шақыртылуға міндеттеліп, оның ішінде тек 83-і ғана жөнелтілді. Қалған 22 адам желтоқсанның 25-не дейін жіберілуі керек. Жөлек, Сұлутөбе, Талаптан, Жуантөбе, кент пен Тартоғай ауылдық округтері мықты жұмыс істеу керек. Яғни Жөлектен 5 бала кетуі керек болған. Өкінішке қарай, оның бірде-бірі кетпеді. Ал Бәйтеректен кеткені 3 адам. Негізгі тапсырыс бойынша 6 азамат кетуі керек болатын. Сұлутөбе ауылдық округінен 7 баланың біреуі ғана кеткен. Осы тұста ауылдық округтегі әскерге шақыруды ұйымдастыруға жауапты мамандар мен ауыл әкімдері тиісті жұмыстар істесе нұр үстіне нұр болар еді» деді қорғаныс бөлімінің басшысы Р.Шарипов.
Ал бұл мәселе турасында Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі Кәждәнбек Өгізбайұлы мынадай уәж айтты.
– Біз қолымыздан келгенше ауылда бар азаматтардың барлығын медициналық тексерістен өтуге жіберіп жатырмыз. Оның үстіне ауылда жастар аз. Біразы ауылда жұмыс болмаған соң, сыртқа нәпақа табуға кеткен. Келтіре алмай жатырмыз. Мейлінше жұмыс істеп жатырмыз.
Ауыл әкімдері мен қорғаныс бөлімі басшысының сөздерін мұқият тыңдаған ­аудан әкімінің орынбасары Е.Әпетов болса, «Жағдайларыңызды толықтай түсінеміз. Қалауын тапсаң, бітпейтін іс болмайды. Бәріміз бірігіп түсіндірме жұмыстарын күшейтуге атсалысайық» деді.
Қалай болғанда да желтоқсан айының 25-іне дейін Шиелі ауданынан 22 бала әскер қатарына аттануы керек.

Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ
11 желтоқсан 2023 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031