ӘСКЕР ҚАТАРЫ ТОЛЫҚПАЙ ТҰР
Жұма күні аудан әкімдігінде азаматтарды мерзімді әскерге шақыру мәселесі мен әскерге баруға міндетті адамдарды ұйымдастыру турасында жиын өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Е.Апетов, ішкі саясат, қорғаныс бөлімінің басшылары оффлайн түрде қатысса, барлық ауыл әкімдері Zoom платформасы арқылы онлайн түрде бой көрсетті.
Алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары әскерге азаматтарды жіберудің маңыздылығын атап, «Әскерге баруға ниеттілердің аз болуы бәлкім, біздің түсіндірме жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізе алмауымыздан туындауы мүмкін. Қажет болған жағдайда өзім ауылдарды жеке-жеке аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге дайынмын», – деді. Одан әрі сөз алған Қорғаныс бөлімінің басшысы биыл Шиелі ауданында 1016 адам әскер қатарына шақыртылуға міндетті екендігін, оның ішінде тек 286 адам ғана медициналық тексеруден өтуге келгенін айтты. «Қыркүйек айынан бері ауданда бірде-бір азамат әскер қатарына жіберілмеген. Демек, ауылдық округтегі әскерге шақыруды ұйымдастыруға жауапты мамандар мен ауыл әкімдері тиісті жұмыстарды істемей отыр», – деді қорғаныс бөлімінің басшысы. Ал, бұл мәселе турасында ауыл әкімдері мынадай уәж айтты.

– Біз қолымыздан келгенше ауылда бар азаматтардың барлығын медициналық тексерістен өтуге жіберіп жатырмыз. Сіздер көрсеткен тізімде оқу орындарында білім алып жатқан азаматтар мен мекен жайын ауыстырған тұлғалар да бар. Сондай-ақ, әскер қатарын толықтыруға ниетті жігіттердің көп бөлігі, медициналық тексерістен кейін «уақытша жарамсыз» деп табылуда. Мұндай жағдайда бізге кінәрат тағу орынсыз деп санаймыз.
Ауыл әкімдері мен қорғаныс бөлімі басшысының сөздерін мұқият тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Е.Апетов болса, «Жағдайларыңызды толықтай түсінеміз. Алайда, мың баланың ішінен әскерге жарамды бірде-бір бала шықпауы мүмкін емес. Қалауын тапсаң, бітпейтін іс болмайды. Бәріміз бірігіп түсіндірме жұмыстарын күшейтуге ат салысайық», – деді.
Оның айтуынша, желтоқсан айының алғашқы сейсенбісіне дейін, Шиелі ауданынан 15 бала әскер қатарына жіберілмек. Осы мақсатта дүйсенбіден бастап, барлық ауылдық округтер мен кенттегі әскерге шақырылуға міндетті азаматтар іздестірілетін болады. Жыл соңына дейін Шиелі ауданы бойынша 30 бала әскер қатарына жөнелтілмек.
Рамазан ӘНӘПИЯ