Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘСКЕРГЕ БАРУДАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕН ЖАСТАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ӘСКЕРГЕ БАРУДАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕН ЖАСТАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шиелі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жанынан құрылған ақпараттық түсіндірме тобы, Талаптан ауылдық округі, Бала би ауылында әскерге барудан жалтарып жүрген жастарға адрестік жұмыстар жүргізді.
Ақпаратық топ құрамында аудан әкімі аппараты, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі және Талаптан ауылдық округінің мамандары қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру кезінде, ата-аналарға әскерден жалтарып жүрген 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының әрбір азаматына қылмыстық іс қозғалып, айыппұл салынатындығы ескертілді.
Сонымен қатар, балалары студент ата-аналарға, баласының оқып жатқандығы жөнінде оқу орынынан анықтама алдыру керектігі ескертілді.
Мұндай түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
15 мамыр 2021 ж. 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930