Құрылыс саласындағы көрсеткіш 6,9 есеге өскен
Қазір елдің барлық аумағында құрылыс қарқынды жүруде. Осы тұста, ауданда құрылыс саласында жүйелі түрде атқарылған жұмыстарды саралап көрейік. Өткен жылы құрылыс саласының жалпы көлемі 7 млрд 691 млн теңге болса, биыл 53 млрд 187 млн теңге болып отыр. Яғни бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,9 есе өскен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш әлі де ұлғая түспек.
Халықтың қажеттілігіне жарайтын нысандардың бой көтеріп, ел мүддесіне жұмыс істеп жатқандығы көңіл қуантады. Сәні мен салтанаты жарасқан құрылыс нысандары өңірдің де ажарын аша түсуде. Әріге бармай-ақ, кейінгі бірнеше жылға шегініс жасайық. Аудан орталығында бой көтерген әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды қоспағанда, Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің өзі сала әлеуетінің артқанын айшықтап тұр. Оның үстіне денсаулық сақтау, білім беру нысандары салынып, ауданның дамуына оң өзгеріс алып келді. Ауыл-аймақты жалғайтын көпір құрылысы шалғайдағы елді мекен тұрғындарын қуанышқа бөлеп, ауылдардың қайта жаңарып, жандануына үлкен сеп болды.
Халықтың қажеттілігіне жарайтын нысандардың бой көтеріп, ел мүддесіне жұмыс істеп жатқандығы көңіл қуантады. Сәні мен салтанаты жарасқан құрылыс нысандары өңірдің де ажарын аша түсуде. Әріге бармай-ақ, кейінгі бірнеше жылға шегініс жасайық. Аудан орталығында бой көтерген әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды қоспағанда, Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің өзі сала әлеуетінің артқанын айшықтап тұр. Оның үстіне денсаулық сақтау, білім беру нысандары салынып, ауданның дамуына оң өзгеріс алып келді. Ауыл-аймақты жалғайтын көпір құрылысы шалғайдағы елді мекен тұрғындарын қуанышқа бөлеп, ауылдардың қайта жаңарып, жандануына үлкен сеп болды.
Биыл аудан көлемінде 27 нысанға 2 млд 808 млн 576 мың теңге қаржы бөлініп, игерілуде. Бөлінген қаржының 2 млд 357 млн 914 мың теңгесі республикалық, 450 млн 662 мың теңгесі жергілікті және облыстық бюджеттен бөлінген. Қазіргі таңда республикалық бюджеттің 81,9 пайызы жергілікті бюджеттің 44,7 пайызы толықтай игерілген. Қазіргі уақытта кент және Ы.Жақаев, Бидайкөл, Байсын, Н.Бекежанов, Ақмая, Алғабас және Ш.Қодаманов сынды ауыл тұрғындары көмір тасып, пеш жағып, күл шығару секілді күйбең тұрмыстың күнделікті бейнетінен арылды. Ендігі кезекте Еңбекші, Жиделіарық елді мекендеріне газ жүйесін тарту үшін 442 млн 513 мың қаржы бөлініп, газ тарту жұмыстары толықтай аяқталған. Ал Телікөл, Алмалы, Ақтоған, Бестам ауылдық округтерінің жоба-сметалық құжаттары тиісті министрлікке жолданып, оң қорытынды жауап алынып, бүгінде газ тарту жұмыстары толықтай аяқталып келеді. Сонымен қатар Тартоғай елді мекенінің тұсынан Мұстафа Шоқай автоматтандырылған газ бөлу стансасы құрылысын жүргізуге республикалық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Иә, заман талабына сай халыққа қажеттісі көгілдір отын екені даусыз. Газдандыру жұмысы осы қарқынынан таймаса, алдағы 5 жылда Шиелі ауданы толық газбен қамтылады деген үміттеміз.
Одан бөлек әлі ауыз су жетпеген Қосүйеңкі, Қызылқайың елді мекендеріне ауыз су тартылып, көптің көңілін күпті еткен мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Қос ауылды ауыз сумен қамту үшін мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Дәнекер» ЖШС жеңімпаз атанды. Қос нысан ел игілігіне пайдалануға беруге дайын тұр.
Сондай-ақ Шиелі кентіндегі электр желілерін ауыстыру үшін жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, жоба құны – 808 млн теңгені құрап отыр. Шиелі кентінде тозығы жеткен қолданыстағы КТПГ-10/0,4 кВ – 10 дана және ВЛЗ-10 КВ ұзындығы – 16,05 шақырым, ВЛИ-0,4 кВ ұзындығы – 12,68 шақырым электр желілері жаңадан ауыстырылатын болады. Қазір электр желілерін реконструкциялау жобасы бойынша өтпелі нысан ретінде биыл ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен 100 млн теңге қаржы игеріліп, 6 учаскеге электр бағаналары орнатылып, 3,5 км СИП желісі жүргізілді. Бас мердігер компания «Энергомера» ЖШС-і.
Осы мерзімге дейін бірқатар нысандар пайдалануға да берілді. Нақты айтқанда, Шиелі кентіндегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталып, биыл тамыз айында құрылысы толықтай аяқталған. Бас мердігер компания «Жабдықтау» ЖШС-і. Бұл жоба бойынша әр тұрғын үйде 2 бөлмелі 12 пәтер, 3 бөлмелі 6 пәтер бар. Аталған тұрғын үй кезегінде тұрған жандарға берілген. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шиелі кентінде салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» бас мердігер компания «Промстройсервис.Е» ЖШС-і өткен жылы ҚР Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен 497 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,2 млн теңге қаржы игеріліп, құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ел тұрғындарына пайдалануға берілді. Қазіргі таңда облыстық экономика және қаржы басқармасы арқылы облыстық мәдениет және спорт басқармасына теңгерімге тапсыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аудандық құрлыс-сәулет бөлімінің басшысы Дана Смаханұлының айтуынша, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейін елді мекендердің даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің жол картасы негізінде биыл Ақмая, Алғабас, Бәйтерек, Ы.Жақаев, Бәйгеқұм, Алмалы, Еңбекші ауылдарының даму сызбаларына түзету жұмыстарына аудандық экономика және қаржы бөлімі КММ мекемесі тарапынан 70 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жеңімпаздары анықталды. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 51 млн теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды. Шиелі кенті, Береке мөлтек ауданына тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу бойынша жоба-сметалық құжаты әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін сүйемелдеуді даярлауға аудандық бюджеттен 9,5 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «MS Industrial» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жоба-сметалық құжаттары дайындалды, – деді.
Биыл атқарылған ауқымды тірліктің бір парасын баяндап өттік. Негізгі жұмыстың бірі – аудандағы кәріз жүйесі. Бұл бағытта жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін сүйемелдеуді әзірлеуге аудандық бюджеттен 15 млн теңге бөлінген. Мелекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Батыс Гранд» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Биыл ауданда 11 айлық қорытынды бойынша меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға 354 дербес қабылдау актісі тіркелген. Пайдалануға берілген ғимараттардың жалпы ауданы 60 896 шаршы метрді құрап отыр. Осы атқарылған жүйелі жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес артығымен орындалған. Сонымен бірге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Досбол би, Бала би, Бұланбай бауы ауылдарында жобалық құны 1 млрд 178,4 млн теңгені құрайтын 25 орындық 3 дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізіліп жатыр. Жақында ғана Байсын елді мекеніндегі 250 орындық мектеп ғимаратының құрылысы толықтай аяқталып, нысан ел игілігіне берілген болатын. Енді санаулы күндерден кейін 3 ауылдағы амбулатория пайдалануға берілетін болады. Міне, көңіл қуантарлық толымды тірліктің бір парасын жазып өттік. Алдағы уақытта шешімін таппай тұрған мәселелер шешімін тауып, жаңа жылда атқарылар жаңа тірліктің бастамасы оң болсын демекпіз.
Дархан ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ