Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласында брифинг өткізгенін көріп, баян­дамасын тыңдадық. Қазіргі уақытта өзге өңірлерге қарағанда облыстың экономикасында өсім бар екенін байқадық. Жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен облысымызға келгенде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, жоғары бағасын да берген болатын. Бүгінде облыстың жылдық бюджеті 609 млрд теңгеге жетіп, 57 пайызға ұлғайып, облыстың даму бюджетінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өскенін естідім. Мұның өзі үлкен жұмыс деуге болады. Одан бөлек, аймақ басшысы өнеркәсіптің басқа да өндірістерін дамытуды қолға алғанын айтты. Ендігі облыста алдағы 6 жылда құны 1,1 трлн теңгені құрайтын 65 жоба іске қосылып, 9000-ға жуық жұмыс орны ашылады деген сөз. Бұл жоба іске асқан жағдайда жұмыссыздық саны азайып, ел тұрғындарының жағдайы жақсара түсері анық. Бастау алған әр істің берекесі мен мерекесі тасысын.

Бағлан ӘШІРБЕКОВ,
кәсіпкер
11 желтоқсан 2023 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031