Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласында брифинг өткізгенін көріп, баяндамасын тыңдадық. Қазіргі уақытта өзге өңірлерге қарағанда облыстың экономикасында өсім бар екенін байқадық. Жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен облысымызға келгенде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, жоғары бағасын да берген болатын.

Бүгінде облыстың жылдық бюджеті 609 млрд теңгеге жетіп, 57 пайызға ұлғайып, облыстың даму бюджетінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өскенін естідім. Мұның өзі үлкен жұмыс деуге болады. Одан бөлек, аймақ басшысы өнеркәсіптің басқа да өндірістерін дамытуды қолға алғанын айтты. Ендігі облыста алдағы 6 жылда құны 1,1 трлн. теңгені құрайтын 65 жоба іске қосылып, 9000-ға жуық жұмыс орны ашылады деген сөз. Бұл жоба іске асқан жағдайда жұмыссыздық саны азайып, ел тұрғындарының жағдайы жақсара түсері анық. Бастау алған әр істің берекесі мен мерекесі көп болғай!

Бағлан Әшірбеков,
Кәсіпкер

08 желтоқсан 2023 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31