СӘНГЕ ҒАШЫҚ, ТӘНІ АШЫҚ
Соңғы уақытта сән әлемінің көлеңкесінде кейбір қазақи болмыстар ескерілмей жүр. Қазір заман ағымымен өмір сүреміз, заманға сай киінеміз деп ұлттық құндылықтарымыз жоғалып бара жатқандай. Себебі бүгінгі жастарымыз сән қуудың өзіндік мәдениеті бар екенін ұмытқан сыңайлы. Оған сіз де күнделікті куә болып жүрген боларсыз.
Жауырыны тоқпақтай, иығы қақпақтай бүгінгі жігіттердің бейнесіне қарап, қарның ашады. Қасын жұлып, шашын өсіріп, құлағына сырға тағу жігіттікке лайық па? Ал қыздардың көйлегі қысқарып, ашық-шашық киінуі де қазақы болмыс-бітімімізді бұзып бара жатқандай көрінеді.
Шынымен де, қазір өскелең ұрпақтың талғамына, киім киісі мен ортасына мән бермейтін болдық. Ұлдарымыз ар мен намысты ысырып қойып, нәзікжандыларға еліктесе, қыздарымыз өзіндік «модасын» ер балалардың үлгісіне ауыстырған. Косметика десе «ішкен асын жерге қоятын» шетелдік жігіттердің көбін әуеліде тек әлеуметтік желіден көзіміз шалатын. Ал қазір басқа емес, қазақтың қара домалақ балаларының өзі мейкапты мейілінше меңгеріп, опа-далапты қыздардан артық жағып жүргені шындық. Керек десеңіз, әлеуметтік желідегі парақшасына сан мыңдаған оқырман жинап, оларға боянудың қыр-сырын үйрететін жігіттер жетерлік.
Бұл жайында психологтар еркектің өзін әйелше сезінуі мен әйелдің өзін еркекше ұстауы – денсаулықтағы кінәрат немесе гормондық бұзылыстың туа біткенінен болмаса, көп жағдайда психикалық ауытқу емес, жетіле келе қызығушылығына, ортасына қарай қалыптасатынын айтады. Мамандардың айтуынша, бұл – жүре қалыптасатын мінез. Оны дер кезінде байқап, дұрыс бағыттап жіберсе, түзетуге болады екен. Сол себепті де, отбасында ұлды жігітке тән барлық мінезді бойына сіңіре, қызға қырық үйден тыйым жасай отырып тәрбиелеу маңызды екенін естен шығармаған абзал.
Қыз қылығымен, ою-өрнекті көйлегімен әдемі десек, қазақ жігіттер ақылымен, күш-жігері, бойындағы қайтпас қайсар намысымен дараланып тұрмай ма? Сондықтан жастар, біз өзімізге лайық сән үлгісін таба білейік. «Адам көркі – шүберек» деген қазақ халқының әдемілігін сақтап, ұлттық болмысымыздан ажырамайықшы!
Аружан Мұсаева,
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінің 2-ші курс студенті