Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «IT STUDIO» АШЫЛДЫ

«IT STUDIO» АШЫЛДЫ

Жуықта №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектепте «IT Studio-ның» салтанатты түрде лентасы қиылды.
Ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова қатысып, білім қызметкерлерімен бірге лента қию рәсімін өткізді.
Жобаның мақсаты - оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамытып қана қоймай, пәндік білімін тереңдетіп, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау. Сонымен қатар оқушыларға компьютердің мүмкіндіктері мен оны күнделікті өмірде қолдануға және компьютерлік сауаттылыққа үйрету.
«IT Studio» – «Learn PYTHON», «Best Robo» және «MediaWorld» атты үйірмелерден құралған. Оған 5-11 сыныптар арасынан технологияға, жаңа дүниеге қызығушылығы бар оқушылар жинақталған.

«Өскен өңір» ақпарат
27 қараша 2023 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31