Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕРКІДЕ ІТ СЫНЫП АШЫЛДЫ

МЕРКІДЕ ІТ СЫНЫП АШЫЛДЫ

«Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ сыныптар» бастамашыл жобасын жүзеге асыру мақсатында Меркі ауданының «Үміт» балалар және жасөспірімдер сарайында тұңғыш ІТ сынып ашылды. Тұсаукесерге Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракция­сының мүшесі Нұрлан Дулатбеков, «Нұр Отан» партиясының Меркі аудандық фи­лиалының төрағасы Мейірхан Өмірбеков, партияның Меркі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Көкірекбаев, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Сәкен Есенов және партия ардагерлері, партия активі, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Меркі ауданына жұмыс сапарымен келген Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Нұрлан Дулатбеков аталған меке­медегі ІТ сыныбын аралап, оқушылардың жұмысымен танысты. Баршамызға белгілі Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жыл­дың қараша айында партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия алдына цифрландыруға қатысты тапсырмалар бер­ген болатын. Осыған сәйкес, Қазақстанның экономикалық, саяси және рухани жаң­ғыруына жан-жақты қолдау көрсетудің жаңа тетігін қалыптастыру бағытында пар­тия жаңа жобаларды жүзеге асыруды қолға алды. Олардың қатарында бүгін өзіміз ашы­луына куә болып отырған «Балаларға арналған тегін ІТ сыныптарын» ашу жобасы да бар. ІТ сыныпта оқушылар 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқиды. ІТ сыныптарда оқытылатын балалардың жас ерекшелігі – 8-16 жас. Әр топта 10 оқу­шыдан, күніне 7 топ оқиды. Оқушы 3 айда 48 сағаттық білім алады. Оқушылар қара­пайым алгоритмдер жасау, бағдарламалар, сайттар, компьютерлік ойындар мен анимация құру дағдыларын үйренеді. Осы жылдың аяғына дейін ІТ сыныпта 1200 бала компьютерлік білімін жетілдіріп, жаңа бағдарламаларды үйренеді. Шара соңында салтанатты жиынға қатысушы оқшылардың ата-аналары ұйым­дастырушыларға, партия аудандық филиа­лының бүгінгі таңда атқарып отырған жұ­мыстарына өз ризашылықтарын білдірді.
Маржан МАҚСАТҚЫЗЫ

www.aikyn.kz
03 қыркүйек 2018 ж. 876 0