РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

Бірінші кезеңнің ашылу салтанаты өткізіліп, оған аудан әкімінің орынбасалары Е.Апетов, А.Алдабергенов, аудандық әйелдер кеңісінің төрайымы Н.Палымбет, ардагер-ұстаз С.Ермағанбетов және білім бөлімінің қызметкерлері арнайы қатысты. Олар республикалық олимпиаданың бірінші кезеңіндегі білім додасында біліммен бәсекеге түсетін шәкірттерге сәттілік тіледі.
Ауыл олимпиадасы аудандық, облыстық және республикалық кезеңдерден тұрады. Қорытынды кезеңнің қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қосымша білім алу үшін қабылданады. І дәрежелі диплом алған жеңімпаздар оқу-жаттығу жиындарына шақыртылып, жалпы білім беретін пәндер бойынша ұлттық олимпиадаға жолдама алады.
«Өскен өңір» ақпарат