Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылша ауруы

Қызылша ауруы

Қызылша — жедел түрде өтетін жұқпалы аурулардың қатарына жатады. Негізгі белгілері: дене қызуы ның көтерілуі, және де қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болып, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымдануымен ерекшеленеді.
Ауру тек науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңінің 2-ші күнінен бастап денедегі бөртпелер 4 күн аралығында қатынаста болған адамдарға тыныс алу арқылы ауа-дан жұғады. Адам өмірінде қызылшамен ауырмаған болса, не егілмеген жағдайда, өзіне жұқтырады.
Қызылшаның белгілеріне келетін болсақ жасырын кезеңі 9-11 күн, егер иммуноглобулин алған жағдайда, жасырын кезеңі 15-21 күнге созылуы әбден мүмкін. Алғашқы белгілері: дене қызуының көтерілуі, әлсізденуі, тамаққа тәбетінің нашарлауы, мұрнынан су ағып, ащы жөтел пайда болып, көзі қызарып қабынады. Одан жұмсақ және қатқыл таңдайда теңбіл (пятнистая) бөртпелер пайда болады. Екі ұрттың үстінде қызылшаға тән майда ақшыл бөртпелер кілегей қабығының үстінде ерекшеленіп тұрады. Қызылша бөртпелерінің ерекшелігі: бірінші күні бөртпе бетте, мойында, екінші күні денеде, қол, сан терілерінде, үшінші күні балтыр, аяқтарда шығады, ол күні беттегі бөртпелер бозарады. Қызылшаға көздің қызарып, қабынуы, ірің шығып, таңертең кірпіктерін ашудың қиындығы, мойын артында, қолтық бездерінің үлкеюі, ұстағанда ауырсынуы тән. Кейде өкпеде сырыл естілуі, кейбір науқастың іші ауырып, аздап өтуі мүмкін.
Қызылшаның асқынғанында ағзаның орталық жүйке жүйесінің жұмысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады.
Диагноз қоюаса қатты қиындық туғызбайды. Теріде қызылша бөртпелері шықпай тұрғанда, науқастың қызылшамен ауырған ортада болуы, тамағындағы қабыну, көздің қызаруы, ұртта Бельский-Филатов-Коплик ақшыл бөртпелердің пайда болуы диагнозды растайды.. Басқа ұқсас аурулардан ажырату үшін, зертханада РСК, РТГА талдауларын жасайды.
Емдеу іс- шарасына келетін болсақ. науқастар үйде емделеді, ешкімге жұқпау үшін, жұғу кезеңінде төсекте жатады. Көзіне күн жарығы түспейтіндей жағдай керек, тамағын шайқап, көзін тазалап, 2% сульфаций натрий сұйығын көзге 3-4 рет тамызады. Науқасқа мол құнарлы сұйықтар беріледі.
Қызылша ауруының алдын алуда маңызды роль атқаратын іс- шаралар- бұл уақытылы егу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік ағайын!

Шиелі аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы Айдаралиев Орлибай Файзуллаевич
24 қараша 2023 ж. 226 0