Қымбатшылық қиындық тудырмаса игі
Қазақстан – тәуелсіз, зайырлы, бейбіт ел. Дегенмен елімізде ішінара шешімін таппаған немесе табу үстіндегі проблемалар жеткілікті. Оның ең бастысы, қос бүйірден қысып тұрған азық-түлік бағасының қымбаттауы десек те болады.
Picodi сарапшыларының зерттеуінше, 2023 жылы елдегі баға өсімі минималды жалақы өсімінен де асып түскен. Сарапшылардың ақпаратына сүйенсек, біздегі «таза» минималды еңбекақы көлемі – 61 467 теңге. Былтырғыдан 16,6 пайызға (52 701 теңге) көп. Зерттеушілер нарықтағы баға мен халықтың жалақысын салыстыра отырып, азық-түлік себетін есептеп шығарған екен. Мысалы, себетте нан, сүт, жұмыртқа, күріш, сыр, ет, жеміс және көкөніс, май секілді өнімдер бар. Шамамен 10 литр сүт – 4 310 теңге, 10 бөлке нан – 1 110 теңге, бір жарым кг күріш – 650 теңге, 20 дана жұмыртқа – 990 теңге, бір кг сыр – 3 180 теңге, 6 кг ет – 13 200 теңге, 6 кг жеміс-жидек – 4 110 теңге және 8 кг көкөніс 2780 теңге, пісте майы – 1 580 теңге тұрады деп есептеген. Осылайша, 2023 жылдың басындағы азық-түлік себетінің жалпы құны 31 910 теңге болып шығады және бұл былтырғы бағадан 20,6 пайызға көп. Демек жалақы 16 пайызға көтерілсе, азық-түлік бағасы одан асып түсуде.

Жалпы Қазақстанда жыл сайын жалақыны көтеру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бірақ оны көлеңкеде қалдырып тұрған нарықтағы бағаның шарықтауы екенін бәріміз білеміз. Оған жоғарыда көрсеткен мысалымызда дәлел. Мәселен, 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы ет, күріш, сұйық май, картоп, сәбіз қымбаттады. Қазір сұйық май ортаңғы бағасы – 807 теңге болса, картоп бағасы – 175 теңге, ал еттің бағасы – 2300 теңгеден аспақ. Бұл мәселе бүкіл халықтың және біз секілді студенттердің үлкен уайымы. Тіпті қазіргі таңда ұялы телефон операторларының ақысы да өскен. Яғни қымбатшылықтың құрығы тимеген жер қалмай барады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында түрлі жобалар ұсынып келеді. Бірақ базардағы баға оған бағынар емес. Алдымен нарықтағы жүйені бір ізге салмайынша, қымбатшылық халыққа қиындық тудыруын тоқтатпайтын сыңайлы.
Шахноза Маханова,
Абылай Хан атындағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері
университетінің 2 курс студенті