Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада бөлшек сауда айналымы артқан

Қызылордада бөлшек сауда айналымы артқан



2023 жылғы қаңтарға бөлшек сауда айналымы 25614,8 млн. теңге болып, 2022 жылғы тиісті кезеңіне 101,2 пайызды қалыптастырды.

Сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 11673,7 млн теңгені құрап, 2022 жылғы қаңтарға қарағанда нақты мәні 9,8 %-ға өскен.Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік тауарлары бөлшек сауданың жалпы көлемінің 27,7 %-ын, азық-түлік емес тауарлары 72,3 %-ын құрады. Азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы өткізу көлемі 7099,3 млн. теңге, ал азық-түлік емес тауарлары 18515,4 млн. теңге болды2023 жылғы 1 ақпанға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 17767,9 млн. теңге, саудадағы күндері 51 күн.2023 жылғы қаңтарға облыс бойынша бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақ Қызылорда қаласына тиесілі. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
13 ақпан 2023 ж. 241 0