Жыр болған жол
«Өсетін ел жол салады» демеуші ме еді? Сайып келгенде өсудің даңғыл жолын Шиелі өңірінен көреміз. Айналасы мұнтаздай таза, қараған жанға қыздың жиған жүгіндей әдемі көрінетін көше бойы көптің көңілінен шығуда. Есіңізде болар, бұрын Шиелінің жолдары бордюрға жарты метр жетпей жығылып қала беретін-ді. Тіпті жолдар жіңішкеріп, тротуар мен жол шетінің арасы ұзарып, бірте-бірте алыстап бара жатқандай болатын. Салдарынан қабат келген қос көлік соқтығыса жаздап, көшеге әзер сыйып жататын. Сол кезде ауданда орын алатын жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне бір жағынан осы жағдай да себеп пе дерсіз? Өйткені жырымшылап жасалған жолда көлік тізгіндеу қиынның-қиыны. Көпшіліктің көкейінде жүрген бұл мәселені аудан әкімі Нұржан Ахатов ретке келтіріп, кентті көркейтіп қойды да.
Түнеукүні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының басшыларымен аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Сол кезде Еңбекші елді мекенінің бір топ ардагері аймақ басшысына жол мәселесін жеткізді. Тау тұрғындары тұратын маңнан ауыр жүк көліктері жиі өтеді. Жасырып қайтеміз, шұрық-тесік, шаңы көтерілген жол ауылдағы ағайынды қажытып отыр. Бұл – жыр болған жол азабы. Әбден жұрттың жүйкесін жұқартқан проблема жылдар бойы шешімін таппай келе жатыр. 40-50 тонна жүк тиеген көліктердің шаңынан жолдың арғы бетіндегі еңбекшілік ағайындарды көре алмассыз. Кедір-бұдыр жол бетін жеп тынған ауыр жүк көліктерінің мәселесі мінберлерде айтылып жүргеніне 4-5 жылдың жүзі болды. Әлеуметтің жанайқайын редакциядағы тілшілер күні бүгінге дейін тілшелеп жазып та келді. Десе де, ағайынның айқайы ауданға жете алмай жатты. Енді міне, мәселенің мән-жайына жіті құлақ түрген Нұрлыбек Нәлібаев компания өкілдеріне жолды тез арада жөндеуді тапсырды. Егерде жол қалыпқа келмеген жағдайда «Амал жоқ, жолды тоқтатамыз. Үлкен көліктерді жүргізбейтінін» жеткізді. Аталған ауылдағы жол мәселесі қозғалса «Батыс-Қытай – Батыс-Еуропа» жол бойынан өтетін аспалы көпірдің салынатындығы ойға оралады. Себебі, бұл көпір салу жұмысының жоба-сметалық құжаты әзірленіп жатқанына да біршама уақыт болды. Түйенің етін жеген бұл түйіткілдің шешімін шешу үшін «ТТК» мен «Гежуба Шиелі» цемент зауытына әлі ұзақ телміретін түріміз бар.

Бүгінде еңбекшіліктердің шаруасы ортаймаған. Тұрғындардың бірлігі мен тірлігінің және жастар ұйымшылдығының арқасында ауыл ажарлана түскен. «Ынта болса, ырыстың молаятынын, берекесі болса, беделдің артатынын» тау тұрғындары жақсы біледі. Ауылдық округте ұзындығы 10 617 метрді құрайтын 10 көше бар. Оның алтауы асфальтталса, төрт көшесіне тас төселген. Тек С.Төрениязов көшесі жарық шамдарды қажет етіп тұр.
Еңбекші ауылының тұрғыны, ардагер Дүйсенбек Нұрбаев:
– Әлемдегі ең құнды нәрсе – адамның өмірі. Бұл мәселенің ауыл тұрғындарын мазалап келе жатқаны қашан. Ауылдастардың мұң-мұқтажын еститін құлақ табылып, жауапты жандар жолды жөндеуді қолға алса игі. Жолдың жыртығын жамау, әрине, оңай емес. Дегенмен тұрғындардың жүріп-тұруына бар жағдай жасалуы қажеттігін қаперде ұстаған жөн. Облыс әкіміне бұл жағдайды жеткіздік. Енді аяқсыз қалмайды деген ойдамын, – деп өз базынасын айтты.

Жамалмай қалған жол көлік жүргізушілеріне айтарлықтай қолайсыздық тудыратыны мағлұм. Шақшадай басы шарадай болып отырған Еңбекші жұртшылығы аталған мәселе шешіледі деген үмітте. Тұрғындарға қолайсыздық тудырған бұл проблема оңынан болса, қарт Қаратаудың етегіндегі елді мекен одан әрі көркейе бермек. Билік өкілдері бұқара базынасына құлақ түрсе, тұрғындар жағдайы ілгері баспақ.
Сұлушаш МАДИЯРОВА