ЕСІРТКІДЕН БОЙЫҢДЫ АУЛАҚ ҰСТА, ЖАС ӨРЕН!
ҮНДЕУ ЖОЛДАУ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ АЙДАРБЕК АЙКӨРКЕМ
ШИЕЛІ АУДАНЫ N149 Ә.МОНТАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
ШИЕЛІ АУДАНЫ N149 Ә.МОНТАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
ЕСІРТКІДЕН БОЙЫҢДЫ АУЛАҚ ҰСТА, ЖАС ӨРЕН!
Мен, Айдарбек Айкөркем бүгінгі қоғамда белең алып отырған, ең өзекті мәселелердің бірі де, бірегейі – қауіпті дерт туралы үндеу жолдағалы отырмыз.
Бүгінгі қоғамның болашағы адамдардың рухани және жан саулығының ұзақтығында болмақ.Әр адам баласының тағдыры өз қолында.Олай болса, әр адам өз өмірі үшін күресіп, өмір сүруі тиіс. Адам – өз өмірінің сәулеткері. Еліміздің ертеңі болар жастарға сенген халқымыз: «Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір» ,- дейді. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліктілігіне сай қоғамда өз орнын табуы қажет. Бойында намысы бар әрбір жас өрен өзін "ұлтжандымын" деп есептеп, ұлттың намысын, арын жоғары қоюы керек. Ол үшін біз бойымызды жаман қылықтардан аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет.
Жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа әуестіктің 0,3 пайызы сәби анасының құрсағында жатқанда, анасынын қаны арқылы есірткі нәрін бойына сіңіріп үлгереді екен. Яғни, бала дүние есігін ашқанда оның бойында есірткіге деген аз да болса құмарлық белгілері байқалады екен.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша бұл құмарлық бала жасы 6-7 толғанда барынша күшейе түсіп, оның организмінде есірткіге деген сұраныс күнделікті тағамға деген сұраныстан 4-5 есеге жоғары болатын көрінеді. Дана халқымыз «Бала–біздің болашағымыз» деп, баланы ұрпағының, тұтас елдің дамуының жалғасы деп біледі.
Жас өрен!
Сен ақшаңды жоғалтып алсаң, ештеңе жоғалтқан жоқсың.
Егер сен уақытыңды жоғалтсаң, онда сен біраз нәрсені жоғалтқаның.
Ал, сен денсаулығыңды жоғалтып алсаң, сен онда барлығын жоғалттың деген сөз. Олай болса, ойлан!
Жас өрен, егенмен еліміздің болашағы денсаулығы мықты болашағынан үміт күттіретін, білімді, саналы ұрпақтың қолында.
Жас достар, жаман әдетке бой алдырмайық!
Ескірткіден аулақ болайық!
Салауатты өмір салтын ұстанайық!
Ей, жас өрен, дүйім жұртым, халайық!
Есірткіден бойды аулақ салайық,
Салауатты өмір салтын ұстанған
Саламатты Қазақстан боп қалайық!
@upndpokzo
Айдарбек Айкөркем
Қызылорда облысы Шиелі ауданы,N149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы
Қызылорда облысы Шиелі ауданы,N149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы