Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып!

Есірткісіз өмір ғажайып!

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін... » Толқын - Арал аудандық  қоғамдық-саяси газет Демесін жұрт болашағын кеш ұқты,
Жігіт болмай лайлы суды кешіпті.
Жап-жасыл боп жайқалатын ағаштың,
Тамырына нәр бермесін есірткі.

 Есірткі - ол қасіреті ғасырдың,
Аждаһадай талай жанға бас ұрдың.
Еш аяусыз бұл індетті жоям деп,
Қасіреттен қанша тағдыр аһ ұрды.

Құмарынан ләззат алып пай-пайлай,
Есіреді есірткіде сайтандай.
Соны қайғы болғаннан соң қанша адам,
Күн кешіп жүр тәубесіне қайталмай.

Бәз баяғы қалыпында хәл тұрмас,
Денсаулық бұл-байлық емес саркылмас.
Коркор шегіп рахаттанып жүргенде,
Кор болмасын төрге озатын алтын бас!

Жас достарым, егемен елдің ертеңі-сіз бен біз. Өркениетті елдің жас ұландары дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын қайратты, шымыр болу керек.
Елдігімізді мәңгілік сақтап қалу үшін, зиянды әдеттерден аулақ болып, есірткінің арбауына ермей, адамдық қалпымызды сақтайық! Зиянды заттардың өз денсаулығымызға, өмірімізге, отбасымызға, ата- анамызға, бүкіл қоғамға зардабын тигізетінін саналы түрде сезінейік.
Ғасыр дертімен күресіп, жарқын өмірге қадам басайық!
Жаркын іспен күллі әлемді таң қылып,
Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!
Ахметжанова Тоғжан Ғалымжанқызы
√47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің 10 Ә сынып оқушысы
12 қараша 2023 ж. 188 0