Берік отбасы – есірткіден алыс!
Асқар: Әке, мына жарнама неге қайталана береді?
Әкесі: Ұлым, қане, не жарнаманы айтып отырсың?
Асқар: Әке, міне, мына жарнама. Қарап көріңізші...
Әкесі: Асқар, байқап қарасаң, қазіргі қоғамның айықпас дертіне айналған есірткі жайлы жарнамалар көп. Сен оның зияны туралы ұялы телефоннан да, теледидардан да, тіпті ұстаздарыңнан да естіп жүрсің. Есірткі, нашақорлық... Адам баласын тура жолдан тайдыратын, күллі өмірін тас-талқан ететін нашақорлық дерті халыққа, қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретіні сөзсіз. Одан зардап шеккен тағдырлар қаншама!
Асқар:Әке, маған енді түсінікті болды. Бұл жарнамалардың да тигізер пайдасы бар екен ғой.
Әкесі: Иә, ұлым. Отбасы - қоғамның алтын діңгегі. Қоғам байлығы - адам болғанда, адам байлығы –денсаулық . Сол үшін де өмірді даналық ұшқыр қиялмен бағалайтын ата-бабаларымыз «ақ жаулық» пен «он саулықтан» бұрын денсаулықты дәріптеген. Бұл есірткінің зардабы жайлы әр отбасында айтылып отырса, әр бала нашақорлықтың зиянды жақтарын біле отырып, аулақ болады.
Асқар: Зиянды заттардың өз денсаулығымызға, өмірімізге, отбасымызға, ата-анамызға, бүкіл қоғамға зардабын тигізетінін саналы түрде сезінуіміз қажет екен. Әке, мен көп нәрсені ұқтым. Қарап отырсам, есірткінің зияны қоғамға да,адам денсаулығына да көп қауіп төндіреді екен. Мен енді мұны міндетті түрде өз достарыма да айта жүремін. Себебі, біз, дені сау ұрпақ –келешек елдің ертеңіміз.
Әкесі: Жарайсың, ұлым! Мен сені мақтан етемін!
Әкесі:Міне, ұлым, әрбір отбасында салауатты өмір салтын ұстана отырып, спортты жанына серік ете білсе, есірткіден аулақ болады. Ұрпақ тәрбиесі –ұлт болашағы. Әрбір ата-ана есірткіге қарсы!
#есірткігеқарсы#противнаркотив
Қызылорда облысы,Шиелі ауданы
Есенкәрімовтер отбасы