Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмірге «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт!

Өмірге «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт!

Құрметті қазақ елі, достар заман дамыған сайын ондағы мәселелер де өзгеше белең алып жатыр. Мәселен, бұрындары есірткіге тәуелділік дегенді құлағымыз шалмайтын еді.
Ал қазір қай жаңалықты ашсаңыз да «Есірткі тасымалдау ұсталды», «Есірткі пайдаланып тұтқындалды» дегенді еститін болдық. Өмірде екі таңдау жасау сәті түседі: «Иә» немесе «Жоқ» деген. Сондай кезде ойланбай шешім қабылдауға болмайды. Әр бір әрекетімізді ойланып жасайық. Есірткі тұтынып, ессіздер қатарынан бір-ақ шықпайық. ­Достар, бізге берілген уақытты тиімді пайдалануға тырысайық. Әлеуметтік желіде ұзақ отыру да қауіпті. Есірткіні заңсыз сататын адамдардың қармағына түсіп қалуымыз мүмкін. Олар әлеуметтік желі арқылы жасөспірімдерді оңай алдап соғады.
Мен нашақорлыққа қарсымын! Денсаулық – баға жетпес асыл дүние. Есірткінің салдарынан денсаулығымды құртып, жақындарымнан айырылғым келмейді. Оқуымды жақсы оқып, жоғарғы оқу орнына түсіп, жақсы маман иесі болып, ата-анам мен бауырларымның және ұстаздарымның үмітін ақтағым келеді. Бұл жолда жат қылықтарға бой алдырмауға тырысамын.
«Жақсымен жолдас болсаң, жетесің мұратқа, жаманмен дос болсаң, қаласың ұятқа» демекші, мен барша достарымды есірткіге қарсы болуға шақырамын!

Ұлдана Марат,
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы
13 қараша 2023 ж. 287 0