Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік тіл мәртебесі

Мемлекеттік тіл мәртебесі

Мемлекеттік тіл мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңында айқындалған. Мeмлeкeттiк тіл елдің бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мeмлeкeттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тілі. Сондай-ақ, бүгiнгi таңда қазақ тілі әлiпбиiн кириллицадан латын графикасына көшiру мәселесі eлiмiздe eлeулi тілдік реформа басталғаны өздeрiңізгe мәлiм. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.
Мемлекеттік тіл жалпы мемлекеттік саясатқа, ҚР Конституциясына негізделеді. Теория және практика жүзінде де қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдық берілді. «Тілдер туралы» заңмен, мемлекеттік бағдарламалар арқылы тілді қолдау жүзеге асырылып келеді.
Әлемде 100-ден астам елдің мемлекеттік тілі бар және ол жалғыз ғана тіл. Бірқатар елдерде бірнеше тіл мемлекеттік тіл болып есептеледі. АҚШ-та ортақ мемлекеттік тіл жоқ, бірақ әр штатта мемлекеттік тіл америкалық тілі (ағылшын), сондықтан, ол тіл мемлекеттік тіл қызметін атқарады. Енді бірқатар мемлекеттерде арнайы заңды мемлекеттік тіл болмаса да, мысалы, Швеция, Люксембург, Эритреяда бір негізгі тіл қызмет атқарады, өмірдің өзі сол басым тілді пайдалануға икемдейді. Ол елдерде басқа тілдерде жарияланатын ресми құжаттардың тізімі бекітілген.
Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмаймыз.
Қазіргі таңда мемлекет біздерге үш тілді білуді міндеттеп отыр. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы  кеңейеді.
Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын.


Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы Ә.Төлеген
26 қазан 2023 ж. 112 0