ӘЛЕМДІ ӘЙЕЛДЕР ӨЗГЕРТЕДІ
Алматыдағы «Intercontinental Almaty» қонақүйінің салтанат залында «Әлемді өзгертетін әйелдер: жаңа мүмкіндіктер мен сынақтар» тақырыбында V Еуразиялық әйелдер саммиті өтті. Аталған басқосу 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Мұндағы мақсат – экономикалық өмірдің барлық саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырып, атсалысып келе жатқан іскер әйелдерге қолдау көрсету. Саммитке биыл Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы мен Қазақстан әйелдер күштері альянсының аймақтық өкілдері, шетелдік қонақтар, серіктестер, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Іс-шараның барысы Еуразиялық әйелдер саммиті «Қазақстанда жасалған» деп аталатын іскер әйелдер жасаған өнімдер мен бұйымдардың көрмесімен басталды. Шетелден келген қонақтар Қазақстанның барлық өңірлерінен келген іскер әйелдердің өндірген өнімдерін көріп шықты. Сондай-ақ көп жылдар ішінде табысқа жеткен әйелдер жайлы деректі фильмді де аса қызығушылықпен тамашалады. Әрмен қарай «Әйелдер кәсіпкерлігін, жұмыспен қамту және көшбасшылықты дамытудың заманауи тенденциялары» деп аталатын конференция өз жұмысын бастады. Алғашқы сөз кезегін Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева алып, барша қатысушыларды құттықтады.

Жоғары деңгейде өткізілген кеште елордадан арнайы келген Елена Тарасенко ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып берді. Саммит барысында ЕҚДБ Гендерлік және экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Оксана Пак (Лондон), Марджори Маргулис (Вашингтон, Катерина Харинг (Чехия), Нихан Чакыджы (Түркия) т.б. қонақтар сөз сөйлеп, кәсіпкерлікті дамытудың жолдары мен өзекті мәселелер туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Жетекші сарапшылар мен бизнес кеңесшілер тренинг, шеберлік сыныптарын жүргізді. Сонымен қатар конференция аясында «Ажар жұлдызы» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталып, марапаттарға ие болды.
Айта кетейік, саммитке Шиелі ауданы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Жәмила Әділбек пен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Патима Маханбет барып, өз үлестерін қосты. Ендеше еңселі елдің жігерлі, қуатты, мықты әйелдеріне тек сәттілік тілейміз. Әрдайым биік тұғырынан көрініп, ауданның дамуына сүбелі үлес қоса беріңіздер.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ