ТЕМІРЖОЛДА ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІП КЕРЕК
«Теміржол – қауіпті аймақ. Тұрғындар осы аумақта да аса сақ болуы қажет» дейді Шиелі станциясы желілік полициясы бөлімінің қызметкерлері.
Шойын жолдың бойында қауіп жоғары. Сондықтан да адам қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет. Әсіресе ауыл маңы мен аудан орталықтарын басып өтетін теміржол желілерінде қарапайым ережелер сақталмаса – қиын.

– Бүгінгі таңда перронда түрлі заңсыздықтар белең алуда. Атап өтер болсақ, белгіленбеген жерлердегі жабайы сауда, жасөспірімдердің жасайтын саудасы. Тиісінше ата-анасының яки туыстарының қарауынсыз қалған бала қылмыс, құқықбұзушылық жасап, теміржол объектілерінде дене жарақатын алып, келеңсіз жағдайға ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ теміржолмен өтерде пойыздың алдынан жүгіріп шығуға, рельспен жүруге болмайтынын күнделікті құлағдар етіп отыру керек. Мүмкіндігінше жасөспірімдерді жалғыз жіберуге болмайды, – дейді сала мамандары.
Сонымен қатар сала мамандары теміржолда өтіп бара жатқан пойыздардың алдынан жүгіріп шығуға, құлаққаппен әуен тыңдап өтуге тағы басқа олқылықтар үшін заң шеңберінде жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін ескертеді.
«Өскен өңір» ақпарат