«КӨЛІКТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Теміржол бойында жыл басынан бері жануарлардың теміржолда жүру ережелерін бұзу салдарынан пойыздардың 148 жедел тежеу фактілері орын алған. Сонымен қатар жылжымалы құраммен азаматтарды басып кетудің 8 фактісі тіркеліп, оқиға орнынан 4 адам көз жұмған.
Іс-шараны өткізу кезінде басқарма қызметкерлері теміржол торабына жақын орналасқан оқу орындарына барып, іс-шара мақсатына сәйкес кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін түнгі уақытта жүру фактілері, теміржол көлігіне қатысты жасөспірімдер вандализмі фактілері, оқушылардың теміржолдан белгіленбеген жерден өту фактілері бойынша заңдылықты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ акция аясында теміржол объектілеріне жақын орналасқан елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізілді.
«Өскен өңір» ақпарат