БАСТЫ МІНДЕТ – ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуы азаматтардың кез келген керекті құжатты ұзын-сонар кезексіз, жылдам әрі үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік берді. Бүгінде барлығымыздың қолымызда ғаламтор желісіне қосылған смартфондар бар. Арнайы құрылған электронды үкіметті дәл осы смартфонға жүктеп, сұранысыңызды тез арада алу мүмкіндігіне жол ашылды. Осы орайда сұрақ туындауы заңды. «Электронды үкімет деген не? Ондағы оң өзгерістер мен жаңалықтар қандай?» Бұл сауалдардың жауабын азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы филиалының Шиелі ауданының Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлім басшысы Асқар Мұратбекұлынан сұрап білген едік.
– Асқар мырза, өзіңіз басшылық етіп отырған салада біршама жаңашылдықтың болғаны мәлім. Соның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ құрылғанын жақсы білеміз. Яғни, мемлекеттік кәсіпорын қайта құрылып, корпорацияның құрамына енді. Сол мекемелер мен олардың қызметтері жайында кеңінен айтып берсеңіз?
– Дұрыс айтасыз, үш жыл бұрын «Ұлт жоспары» – 100 нақты қадам аясында әлуметтік қорғау, жер қатынастары, мүлікті рәсімдеу, халыққа қызмет көрсету секілді төрт ірі саланы біріктіру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылған болатын. 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап Әділет министрлігінің құзіретіндегі жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіле бастады. Корпорацияның құрамына Халыққа қызмет көрсету орталығы, жер кадастр бөлімі, әлеуметтік төлемдер орталығы кіреді. Бұл жерде Халыққа қызмет көрсету орталығы өздеріңіз білетіндей, «Бір терезе» қағидаты бойынша құжаттарды қабылдау мен дайын құжаттарды таратуды жүзеге асырса, жер кадастр бөлімі жылжымайтын мүлікті тіркеу, жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын сызу, жер актілерін дайындаумен, әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі атауы айтып тұрғандай барлық әлеуметтік төлемдерді тағайындау жұмысымен айналысады.
– Биыл алғашқы алты айда шиеліліктердің қаншасы сан алуан анықтама мен рұқсат қағаздарын алды? Жалпы төрт бірдей мекемені біріктіріп отырған «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін мемлекеттік қызметтердің саны қанша?
– Қазақстан Республикасы бойынша көрсетілетін жалпы 1323 мемлекеттік қызмет түрі болса, соның 1245 мемлекеттік қызмет түрін мемлекеттік корпорация көрсетсе, 1201 мемлекеттік қызмет түрі Қазақстан Республикасының «Электронды үкімет» веб порталы, яғни «eGov.kz» арқылы көрсетіледі. «Электронды үкімет» – ел ауқымындағы басқару процестерінің барлық жиынтығын автоматтандыруға негізделген, қоғамның әрбір мүшесі үшін мемлекеттік басқарудың тиімділігін елеулі арттыру және әлеуметтік коммуникациялардың шығындарын азайту мақсатында қызмет ететін мемлекеттік басқарудың электронды құжат айналым жүйесі. Сонымен қатар ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де – осы механизм.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді дейді. Әрі қажетті анықтамаларды «eGov Mobile» мобильді қосымшасы және телеграмдағы «egovkzbot2.0» боты Вконтакте, Facebook мэссенджерлері арқылы сұранысқа ие. Аудан тұрғындары электронды форматқа аударылған және «egov.kz» порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын ХҚКО ғимараттарында ғана емес, үйінен шықпай-ақ немесе әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. Бұл бұрындары аудан орталығына әлдебір құжаттар үшін алыс ауылдардан атсабылтып жүрген тұрғындар үшін ыңғайлы. Себебі бүгінде кез келген ауылдық округ әкімдігінде электронды үкімет порталы арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары бар. Олар ғаламтор желісіне қосылған. Сондай-ақ онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады. Онда ХҚКО операторлары кеңес беретін болады.
– Түсінікті. Мемлекеттің қызмет көрсету саласында халықпен тікелей байланыстың болғаны аса қажет. Әйтпесе, бұрын бір қағазды алу үшін «ағалап, көкелеп» жүретін едік. Осы орайда «Азаматтар үшін үкіметтің» халықты барынша қамтығаны қажет-ақ. Бүгінде сізде әрбір ауылмен байланыс бар ма?
– Әлбетте. Әлгінде жоғарыда айтып кеткендей, мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электронды үкімет порталы арқылы алуға қолжетімді болғандықтан аудан әкімі аппаратымен бірлесіп, ауданға қарасты ауылдық округ әкімдіктерінің ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторлары ашылып, жұмыс істеуде.

– Жасырып қайтеміз, электронды қолтаңбаны пайдаланып, құжат алуға ерінетіндер арамызда кездеседі. Жалпы электронды нұсқаны пайдаланып, уақытты екі есе үнемдеуге болады. Осыған байланысты тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұра ма?
– Өте дұрыс айтасыз, сізбен толықтай келісемін. Электронды қолтаңбаны пайдаланып, құжат алуға ерінетіндер арамызда жоқ емес. Осы тұрғыда аудан халқын сауаттандыру мақсатында аудан әкімі аппаратымен бірлесе отырып жоспар бекітіліп, аудан көлеміндегі барлық мекемелер қызметкерлдеріне және ауданда халық көп шоғырланатын жерлерде «Электронды үкімет» порталын насихаттау жұмыстары жоспарға сай ұйымдастырылып отыр. Және алдағы уақытта жалғасын табады да. Айта кететін болсақ, жыл басына бері 28 іс-шара ұйымдастырылып жалпы саны шамамен 10 570 адамдай аудан тұрғындарымен мекеме қызметкерлері қамтылды.

– Қателеспесем, 2019 жылдың ағында Электрондық үкіметтің жаңартылған «eGovmobile» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымшада қанша қызмет түрі қолжетімді? Осыған кеңінен тоқталып өтсеңіз.
– Мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттыру мақсатында 2019 жылдың қазан айында «egov mobile» мобильді қосымшасының жаңа форматы іске қосылды. Ол қызметтерді оңай алуға мүмкіндік береді. Жаңа мобильді қосымшаның ерекшелігі саусақ іздерін (Touch ID) немесе ЭЦҚ-мен байланыстырып, бетті тану функциясын (Face ID) пайдалана отырып, қызметтерді алуға болатын нәрсе. Қазір сервис 60-қа жуық қызметпен қолжетімді. Олардың саны өседі. Мақсаты – смартфон арқылы 130 қызмет көрсету. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді Telegram мессенджерінде @EgovKzBot2.0 боты арқылы алуға болады. Онда қазір 18 қызмет пен сервис қолжетімді.

– Маңызды ақпарат үшін рақмет!
Сұхбаттасқан
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ