Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада көші-қон орталығы ашылды

Қызылордада көші-қон орталығы ашылды


Қызылордада көші-қон орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш орталық шетелге іссапарға шығатын азаматтар мен өңірге келген шетелдіктерге қызмет көрсететін болады. Орталықтың ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов қатысты. Аймақ басшысы тұрғындарды көші-қон орталығының ашылуымен құттықтап, мемлекеттік қызмет саласын цифрландыру бойынша облыста жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті. «Елбасы өз Жолдауында 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды форматқа көшуі тиістігін тапсырды. Бүгінде елімізде «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын қарқынды жүзеге асырылып келеді. 2018 жылдың соңында «Азаматтарға арналған үкіметтің» облыстық филиалы жанынан Цифрлық қызмет көрсету секторы ел игілігіне ұсынылды. Енді Көші-қон орталығын ашып отырмыз. 2018 жылы өңірде 36 577 шетел азаматы тіркеліп, 15 614 шетелдіктің еңбегі заңдастырылды. Демек, жаңа орталықтың қызметіне деген сұраныс артады», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Жылдан-жылға бұл бағытта көрсетілетін қызмет түрлері артып келеді. Осыдан 10 жыл бұрын орта есеппен күніне 50 шақты адамға мемлекеттік қызметтің 70 түрі көрсетілген. Қазір мемлекеттік реестрдегі 750-ден аса қызметтің 621-ін «Азаматтарға арналған үкімет» көрсетеді.  Қалғанын Электронды үкімет порталы арқылы алуға мүмкіндік бар. Қазір мемлекеттік корпорация облыс бойынша бір күнде 5-6 мың адамға дейін қызмет көрсетеді.    
inform.kz
08 ақпан 2019 ж. 908 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930