Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде көші-қон қызметінің орталығы ашылды

Ақтөбеде көші-қон қызметінің орталығы ашылды


Ақтөбе, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасы аясында көші-қон қызметтерінің орталығы ашылды. Енді көші-қон орталығы арқылы еңбек мигранттарына қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша алуларына мүмкіндік туып отыр.

Орталықтың басты міндеті – көші-қон саласындағы қызметтерді алуды барынша жеңілдету. Бұрын мигранттарға еңбек етуге берілетін рұқсат құжаттарын беру мен оны ұзарту үшін 3 - 5 күндей уақыт кететін, енді бұл процес көші-қон орталығы арқылы 2 сағат ішінде жүзеге асырылады. Тағы бір тиімділігі, бұрын аталмыш қызмет түрін алу үшін еңбек мигранттары медициналық қараудан, дактилоскопиядан өтуді, сақтандыру полистерін рәсімдеу мен жеке сәйкестендіру нөмірлерін алуда әртүлі мекемелерге жүгінетін, қазір бұл қызметтерді де бір ғана көші-қон орталығы қабырғасынан өтуге болады.

Жалпы Ақтөбе облысында ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен 4 510 627 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 82% -ы электронды түрде көрсетілген, сонымен Елбасымыздың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді 2019 жылға дейін 80% электрондық форматқа көшіру туралы тапсырмасы Ақтөбе облысында орындалды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде көрсету тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді.

Baq.kz
21 қазан 2018 ж. 979 0