Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» халықаралық жастар саяси лагері жалғасуда.

«Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» халықаралық жастар саяси лагері жалғасуда.


Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің аясында «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» халықаралық жастар саяси лагері жалғасуда.

Жастар лагерінің қатысушыларына бүгін «Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет» бағыты бойынша оқыту сессиясы өтті.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті Өрт сөндіру бөлімінің мамандары тренинг өткізді. Тренинг барысында Өрт сөндіру бөлімінің өкілдері тілсіз жау орын алған кезде жасалатын іс-қимыл туралы айтып берді. Ал, Төтенше жағдай департаментінің өкілдері азаматтарға алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керектігін айтып, таныстырып өтті.

Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан түрлі келеңсіз жағдай кезінде жасалатын керекті әрекеттер және өзге де мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

#ЖастарРухы #AMANAT #ХалықаралықЖастарСаясиЛагері
21 қыркүйек 2023 ж. 222 0