Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана әкімдігі қаладағы құлақтандыру жүйелерінің тексерілетіндігін хабарлайды

Астана әкімдігі қаладағы құлақтандыру жүйелерінің тексерілетіндігін хабарлайды




23-31 шілдеде Астана қаласы әкімдігі Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, теле-радио арналардың көмегімен, электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелерін тексеруін жүргізеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.
«Төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Белгілі бір жағдайда жасалатын іс-әрекеттер туралы ақпараттар мен нұсқаулықтарды алу үшін бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат құралдарын қосуы керек», - делінген таратылған хабарламада.


Baq.kz сайты
29 шілде 2018 ж. 899 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930