Мал ұрлығы мазаны қашырады
Мал бағу қазақ халқының негізгі кәсібі саналады. Сондықтан үнемі бабын тауып баптап, жем-шөбін әзірлеп, басын аман сақтап қалу жолында күрескен қазақтың көңілінде алаң бар. Қазіргі уақытта мал ұрлығы күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің біріне айналды. Аудан, ауыл, ауылдық округтерде осыған қатысты біршама жиындар өтіп, алдын алуға арналған арнайы жұмыс жүргізілсе де, мал ұрлығы тақырыбы өзектілігін әлі де жойған емес.
Мал ұрлығының жиі орын алуына байланысты 2019 жылдың 27 желтоқсанында Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталған Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне 188-1 «мал ұрлығы» деген арнайы бап енгізілген болатын. Мал ұрлағандар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілсе де, бұл қылмыстық іске тоқтам болмай тұрғаны алаңдайтын мәселеге айналды.

Шыны керек, қазір малды ешкім қарыны ашқандықтан, ішерге ас таппай ұрламайды. Барымташылар мал ұрлығын қылмыстық іс екенін білсе де, күнделікті кәсіпке айналдырып, оңай жолда жеңіл нәпақа тауып, бой үйретіп алған. Бұдан бөлек, қылмыспен күресуде тағы бір күрделі мәселе бар. Қазақта «Ұры – алыстан келмейді» деп жатады. Жаны бар сөз. Дегенмен қылмыс енді ашылды дегенде, жәбірленуші тарап арыздарын қайтарып, келтірілген шығын жөнінде жауаптарын өзгертіп, тәртіп сақшыларының бүкіл тергеу жұмыстарын жоққа шығарып жатады. Бұл мәселеге де бейжәй қарауға болмайды. Оңай жолда, оңай олжаны меңзеген адамның бой түзетіп кетуі де екіталай. Сондықтан, қылмыс жасағаны анықталған жағдайда, жаза қолданып, бас бостандығынан айырған жөн.
Биыл 7 айлық көрсеткіш бойынша аудан аумағында жалпы 11 мал ұрлау дерегі тіркеліп, оның ішінде полиция қызметкерлерінің күшімен 10 қылмыстық жағдай анықталған. Сонымен қатар мал ұрлығына байланысты 1 қылмыстық топ анықталып отыр. Ел аумағында жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар 300-ден астам адам ұсталған. Оның ішінде 59 қылмыстық топ ұсталып, ұрланған 4000 бас малдың екі мыңға жуығы табылып, өз иесіне қайтарылған. Мал ұрлығы қылмысының орын алуының бірден бір себебі, кей жағдайда мал иелерінің кешкі уақытта малдарын түгендемей, қора-жайларын дұрыс бекітпей, қараусыз қалдыру салдарынан қолды болып жатыр. Төрт-түлігін түгендеп, санын арттыруды көздеген жандардың жайы толғандырмай қоймайды.
Қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құанбаев: «Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі» деп бекер айтпаса керек-ті. Адал еңбек адамды адалдық, табандылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерге баулып игілікке жеткізеді. Әр адамның өмірде өз жолы бар. Соған қарай тұлғасы қалыптасып, бейнесі бекемделе түседі. Адамды өсіретін де, өшіретін де оның істеген ісі. Адал еңбекпен табысқа жеткен жанның әркез мерейі үстем, еңсесі биік болмақ.
Дархан Ғалымжанұлы