Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев сенім жоғалтқан саяси қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы заңға қол қойды

Тоқаев сенім жоғалтқан саяси қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы заңға қол қойды

Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Заңнамада ұлттық және өзге де жобаларды іске асыру үшін бір жылға тартылатын "келісімшарттық қызметкерлер" деген жаңа ұғым пайда болады.
Түзетулер өңірлер арасында тәжірибе алмасу, қызметшінің тәжірибесін жан-жақты жетілдіру, сыбайлас жемқорлықты анықтау мақсатында енгізілетін ротациялық төлемді енгізуді көздейді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өзге өңірге ротацияланатын қызметкерге уақытша тұрғын үй берілуге тиіс. Алайда қызметтік пәтерлердің жетіспеушілігінен адамдар пәтерлерді өз қаражатына жалға алуға мәжбүр. Бұл көптеген жұмысшылардың ротациядан бас тартуына әкеледі. Ротациялық төлемді енгізу осы мәселені шешуге бағытталған.
Сонымен қатар, тағы бір маңызды жаңалық енгізіледі - саяси қызметкерлер сенім жоғалтқан жағдайда жұмыстан шығарылады.
Бұл жаңалық Президент әкімшілігінің тапсырмасы бойынша енгізіледі және сенім жоғалуына байланысты өз өкілеттіктерін тиісінше орындамаған саяси қызметкерді қызметтен босатуды көздейді.
Мұндай босату туралы шешімді тек Мемлекет басшысы қабылдайды.
Естеріңізге салсақ, Қазақстанда президенттің “сенімін жоғалтқан” басшыларға қатысты ереже қарастырылатыны айтылды.
20 наурыз 2023 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930