Сыйлық беру де - сыбайлас жемқорлық
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2020 жылдың6қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен бірлесіп, департамент қызметкерлеріне жаңадан қабылданған Заң қағидалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен бірлесіп, департамент қызметкерлеріне жаңадан қабылданған Заң қағидалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиналысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаев ашып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністері туралыжәне профилактикалық шаралардың маңыздылығына тоқталды.
Келесі кезекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жасады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қарастырылған қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерді ашып айтты.
Аталған Заңда мемлекеттік қызметшілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған өзге де адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса сыйлықтарды сыйға тартуға жол берілмейтіндігі қарастырылған.
Алдағы уақытта, жоғарыда аталған Департаменттердің жауапты қызметкерлері қоғам өкілдерімен бірлесіп, жаңадан қабылданған Заң қағидалары бойынша мемлекеттік органдар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі