Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі: Ақынын ауылы еске алды

Шиелі: Ақынын ауылы еске алды




Шиелі ауданына қарасты Жөлек ауылдық мәдениет үйінде аяулы ана, ардақты әже, жезтаңдай әнші, айтулы ақын, күйші Оразкүл Алтынбекованы еске алу шарасы өтті.

Шараға ауыл тұрғындары, аудандық және ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері, облыстан арнайы келген өнер марқасқалары қатысты. Алдымен Оразкүл Шәкірбекқызының ғұмыр жолы мен жеткен жетістіктері «лэд» экраннан берілді. 

Содан соң Жөлек ауылының әкімі Мейірбек Мейрамбекұлы кейіпкеріміз жайлы естелік айтып, кештің шымылдығын түрді. Еске алу жиынын Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», облыстың бас ақыны Кенжебай Жүсіп тізгіндеді. 

Оразкүл Шәкірбекқызының жүрекжарды жырларын мектеп оқушылары мәнерлеп оқып, көпшіліктің жанарына жас үйірді. Арал мен Қызылордадан ат терлетіп келген Серік Ыдырысов, Қазына Өзденбаева сынды қадірлі меймандар О.Алтынбекова жайлы ескірмес естеліктерімен бөлісті. 

Үзеңгілес досы, замандасы, Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы», ақын, ұстаз Серік Ыдырысов Оразкүл Алтынбековаға арнаған жыр-шумақтарын оқыды. Көршілес жатқан Бәйгеқұм ауылының әжелері кешті әдемі әнмен әрлеп, Ортақшыл ауылдық клуб үйінің директоры Ғ.Нысанбаев жыр айтса, Бала би ауылдық мәдениет үйінің директоры, ақын Талғат Күзембаев өз арнауын арнады. 

Саналы ғұмырында ел есінде қаларлық тағылымды дүниелер жазып, игілікті іс тындырған Оразкүл апа туралы естеліктер легі таусылар емес, әрі ескірмейді де. Себебі ол елдің «жырын жырлаған» жан. Халықтың жүрегінің төрінен орын алған ғибратты ғұмыр иесі болды. Өресі биік ұрпағы, еңбегін бағалайтын халқы, ойлы оқырманы, «Ұстазым» деп ардақтайтын шәкірттері барда Оразкүл Алтынбекованың есімі мәңгі жасай бермек.
29 мамыр 2023 ж. 327 0

Қоғам

ҚАРЫЗҒА БАЙЛАНҒАН ҚОҒАМ

08 желтоқсан 2025 ж.

ЖӨЛЕКТІҢ ЖАҢАРҒАН КЕЛБЕТІ

08 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031