Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсәуле Әуезханова: Ерекше баланы дамытып, болашақ дана деп қарайық

Нұрсәуле Әуезханова: Ерекше баланы дамытып, болашақ дана деп қарайық

№270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебінің педагог-дефектологы Нұрсәуле Әуезханова ерекше баланы дамытуға күш жұмсап, олардың болашағына сенім білдірейік дейді.

Ерекше бала – болашақ дана. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар қазіргі қоғамның ерекше бір бөлшегі. Біздің мақсатымыз – ерекше балаларды дамыту, қолдау көрсету, ата-анамен бірлесіп дұрыс бағыт-бағдар беру. Ерекше бала кім, қандай? Атақты суретші Леонардо Да Винчиді білетін боларсыздар. Диагнозы – ДЦП. Қазіргі ерекше бала деп отырғанымыз дәл осы тұлғаға тікелей қатысты. Міне, осындай солақай суретші әлемге танымал Мона Лиза суретінің авторы. Дүние жүзінде осындай диагнозы бар әйгілі тұлғалар жетерлік. Соның бір-екеуіне тоқталсақ: Моцарт, ­Эйнштейн, Мария Кюриді атап айтуға болады.

Ал ерекше балалардан осындай тұлғалар шығару үшін не істеуіміз керек? Ол үшін алдымен ата-анадан үлкен көмек, қолдау, балаға деген сенім керек. Ерекше баланың ерекше дарынын ашу үшін жағдай жасап, қоғамнан шектемеу қажет. Әр баланың қалауы бар, құқығы бар. Дефектолог маман ретінде ерекше балаларға ең алдымен мейірім, махаббат керек екенін баса айтқанды жөн көремін. Себебі ерекше балалар өзіне деген ыстық ықыласты сезіне алса оның даму дағдысы өзгере бастайды.

Сонымен қатар танымдық және сөйлеу іс-әрекетінің дамуына жеткізетін әдістерінің бірі – ойын. Ойын баланың өзінің қарым-қатынасқа деген қажеттігін, сезімдерін, ойларын және эмоцияларын сыртқа шығаруын қамтиды. Ойынды дұрыс ұйымдастыру арқылы баланың сөздік қоры дамиды, басқа балалармен қарым-қатынаста өзін еркін сезінуі және қоршаған ортаға байланысты білімдерін кеңейтеді. Бала белгілі әлеуметтік ортада өсіп, айналасындағы заттар мен құбылыстарды танып біледі, олармен тікелей қарым-қатынаста әсерленіп, бойындағы табиғи қасиеттерін жетілдіріп, ақыл-ой сезімін таным әрекетімен байланыстырады. Сезімнің бұл түрі балалардың оқып білім алуын, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады, ізденімпаздық әрекетін тудырады.

Ең бастысы ерекше балалардың ата-аналары уақыт оздырмай, арнайы мамандарға жедел жүгінгені жөн. Жергілікті дәрігерден алған жолдамамен арнайы кеңес беру орталықтарына кезекке жазылып, мамандардың қолдауымен, сабыр мен төзіммен баланы түзету-дамытудың жолдарын қарастыру керек. Сондай-ақ баланы табиғи ортада, мәселен, тауға, көл жағасына, тіпті ауылдағы туыстарына апарып, демалдырса, бала үшін әрі тәрбие, әрі демалыс болар еді. Ата-аналардың уақыт тауып, балаларымен бір мезгіл сөйлесіп, ойын, арманын біліп, серуендеп, бірге сабақ қарағаны абзал. Неге қызығатыны, не ойлайтыны – бәрі маңызды. Уәде берсеңіз, оны орындаңыз. Жоғарыда атап өткендей балаңызды күнделікті құшақтап, мейіріміңізді көрсетіп, көңіл бөліп отырыңыз. Ең бастысы, бала ең жақын адамдарының жылуын, қамқорлығын сезінуі тиіс.
16 мамыр 2023 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930