Қуаныш сыйлаған сыйлық
Жаңа жыл шыршасы балаларды шаттық пен қуанышқа бөлейтін ерекше мереке. Сондықтан да осынау күнді олар асыға күтеді.Әсіресе, ерекше қабілетті балалардың сыйлық алғандағы шат-шадыман күлкісін көру бір ғанибет.
Мереке қарсаңында «Думан Шиелі» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлық таратылды. Қайырлы істі ұйымдастырған «Думан Шиелі» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының емдік дене шынықтыру нұсқаушысы Дінислам Сайлауұлы. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» — дейді дана халқымыз. Балаларға қуаныш сыйлау үшін қаржылық қолдау танытқан жеке кәсіпкер Қыдырбек Қалманбайға ата-аналар дән риза.

– Тағдыр теперішіне ұшыраса да, өмірге деген ынта-жігерімен қиындыққа жасымаған балалардың әрбірі бақытқа лайықты. Оларды алға қарай ынталандыру, ерекше қабілеттерін ашу үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданып келеміз. Ал, жаңа жыл мерекесі қарсаңында аз болса да сый жасап, көңілін көтеру біз үшін бақыт. Осылайша, жеке кәсіпкер Қыдырбек екеуміз 20 балаға сыйлық таратуды жөн көрдік, – дейді Д.Сайлауұлы.
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. «Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес» – дейді халық даналығы. Қазақ халқында бақуатты, халқын сүйер азаматтар қай уақытта да өз қолынан келер көмегін жақынынан, елінен аямаған. Міне, адамға адамның қадірі осындайда білінеді.
А.Асанов