Шиелі ауданында мал басы көбейген
Мал төлдеу науқаны көктем мезгілімен қатар келетіні бесенеден белгілі. Бұл – сіреу боп қатқан мұздар еріп, қыстың қыраулы кезі кетіп, жер бетіне жайдарлы көктемнің жайма шуақ нұры шашылып барша тірішілік оянар кез. Иә, төрт-түліктің қазақ үшін маңызы зор. Себебі қазақ жаздың аптап ыстығы мен қыстың қытымыр аязына қарамастан, өзінен бұрын малдың жайын көбірек ойлап, мал басын көбейту жолында тынымсыз еңбектенеді. Осы тұста біз де Шиелі аудандық ветеринария бөлімінің бүгінгі жұмысының жай-жапсарын жазуға бекіндік.
Саладағы сандар сөйлесін
Қазіргі таңда аудан бойынша төрт-түліктен өсім байқалады. Биыл ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор жүйесінде мүйізді ірі қара жалпы саны – 93467, уақ мал – 139483, жылқы – 25442, түйе – 1683 бас төрт-түлік малдары тіркелген. Оның ішінде жыл басынан бүгінгі күнге дейін 16081 мүйізді ірі қара, 668 жылқы, 204-түйе, 18046 уақ мал төлдері бірдейлендірілді. Яғни, аталған төрт-түлік төлі сырғаланып, таңбаланып, дерекқор жүйесіне есепке алынып та үлгерген.
Мал кеселі – салғырттықты кешірмейді
Қазақ үшін мал-жанның амандығынан асқан бақыт жоқ. «Пәленшенің үйінің сиырынан әлгіндей ауру анықталыпты» десе, кәдімгідей үрейіміз ұшатыны сөзсіз. Өйткені баяғыдан келе жатқан ата кәсіптің құтын, берекетін бірінші орынға қоямыз. Ол заңды да. Осындай түйіткілді тақырыпты шешу үшін биыл да жылдағы дәстүр бойынша республикалық бюджеттен аудандық ветеринария бөліміне төрт-түлікке арнайы вакцина бөлініпті. Яғни, аудан көлемі бойынша 13 түрлі аурудың алдын алу жұмыстары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілген. Биылғы жылы аусыл, сібір жарасы, құтыру, эхинококкоз, эуберкулин, нодулярлы дерматит, құс тұмауы сынды ауру түрлеріне қарсы вакцинациялау жұмыстары іске асты. Сондай-ақ 2023 жылға облыстық қазынадан эпизотиялық 6 ауруға ветеринариялық препараттар бөлінді. Атап айтар болсақ, сақау, бауыр құрт, қатпа, тейлериоз, ¬гастрофилез сынды ауру түрлері арнайы препаратталаған. Осы атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың барлығы тегін жүргізілуде. Диагностикалық зерттеулер бойынша, мүйізді ірі қара – 34308 бас, уақ мал – 38107 бас, түйе – 400 бастан қан сары суылары өткізілген. Нәтижесінде, 4 бас мүйізді ірі қара малына бруцеллезге зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оң нәтиже берді. Олар арнайы санитариялық талаптарға сай сойылған. Қазіргі таңда ауданда эпизотиялық ахуал тұрақты.
Дәрі-дәрмектің сапасы қандай?
Иә, малдың амандығы – басты орында. Ал оларға егілетін дәрі-дәрмектің сапасының дұрыс болуы – өте маңызды. Ел арасында малға егілетін препараттар мен вакциналардың сапасына сын көзбен қарайтындар жоқ емес. Бір сөзбен айтқанда алып-қашпа әңгімелер көп.
Аудан халқы да ара-тұра төрт-түлікке егілетін дәрі-дәрмектің сапасыздығын айтып даурығады. Осы мәселенің бір жауабын алу үшін біз аудандық ветеринариялық бөлімі басшысының орынбасары Ербол Бекайдаровқа өз сауалымызды жолдаған едік.
Ауданда малға егілетін дәрілердің сапасын сөз қылатындар жоқ емес. Біз аса қауіпті мал ауруларына вакцинациялауды тегін жасаймыз. Бұдан бөлек, 13 түрлі ауру түрлерінің алдын алу үшін арнайы екпе салу жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ дәрі-дәрмектердің сапасын жақсы деп айта аламыз. Өйткені, аталған екпелер арнайы тоңазытқышта сақталады. Дәрі-дәрмектер термочемоданмен тұрады, – дейді Ербол Бекайдаров.
Ауру ошақтары
Барлық жұқпалы аурулардың белгілі бір жерде ошақтары болады. Ондай жерлерге жайылатын малдарға екпелер салынып, тиісті санитариялық жұмыстар жүргізілуі керек. Бүгінгі таңда аудан көлемінде Сібір жарасының бес ошағы бар. Атап айтар болсақ, Еңбекші, Ақмылтық, Дәуітбай, Иіркөл, Бәйтерек ауылдарында, сондай-ақ бір ауру ошағы кент ішінде анықталған. Сала мамандарының айтуы бойынша, аталған жерлердің барлығы нормативке сай, арнайы бетон қоршаумен қоршалған.
Жалақы жағдайды оңтайландыра ма?
Тақырыптың өзі айтып тұрғандай, мал шаруашылығы – расымен де маңызды сала. Ал аталған сала жаңашаланып, оңтайлансын десек, сол мекемеде тер төгіп жүрген қызметкерлерді де назардан тыс қалдырмау керек сыңайлы. Ол үшін бірінші кезекте – жұмыскерлердің жалақасын көтеру маңызды. Өкінішке қарай, осыған дейін ветеринария саласы қызметкерлерінің төменгі жалақыны місе тұтып келгендері жасырын емес. Бұдан былай сала мамандары бөркін аспанға лақтырып, қуана берсе болады. Себебі, жуырда ғана ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов кезекті брифинг кезінде коммуналдық ветеринариялық кәсіпорындардың, сондай-ақ ветеринария мамандарының еңбекақысына 50 процент ресми мемлекеттік және коммуналдық мекемелердің базалық жалақысына 140 проценттік үстеме ақы енгізу жоспарланып отырғанын айтты. Яғни, жалақы 50 процентке жоғарылайды. Министрліктің айтуы бойынша, аталған жаңалық жуырда өз күшіне де енбек. Бұл хабардың біздің де көңілімізге қуаныш ұялатқанын жасырмаймыз. Бұның өзі еңбектің еленгені емес пе??