Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жастар тәжірибесі» – мәселенің түйінін шешуге таптырмас мүмкіндік

«Жастар тәжірибесі» – мәселенің түйінін шешуге таптырмас мүмкіндік

Студентов могут обязать отрабатывать гранты: 30 сентября 2020, 10:51 -  новости на Tengrinews.kz

Алысқа ұзамай-ақ қоялық. Өзге өңірлерді айтпағанда, Шиелі ауданның өзінде былтыр индустриалды-аграрлық колледжін 226 түлек тәмамдапты. Биыл да осы межеден артық болмаса, кем болмасы анық. Әне-міне жас маман атанатын студенттің негізгі мәселесі – жұмысқа орналасу. Бұл ретте кедергілер де жоқ емес.

Кедергілер деп отырғанымыз ең әуелі – еңбек өтілі мен тәжірибенің жоқтығы. Оқуын енді бітірген түлектерде ол екеуінің болмайтынын білсе де, жұмыс берушілер талап етуден танбайды. Шарасыздықтан жас мамандар дипломды қалтаға басып алып, кезіккен кез келген жұмысты істеуге пейілді болады. Ал нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Жастар тәжірибесі» – осы түйіткілді мәселенің түйінін шешуге таптырмас мүмкіндік.

«Жастар тәжірибесі» – жұмыспен қамтудың белсенді шараларының бірі. Жастар арасында сұранысқа ие. Былтыр осы бағдарламаға қатысқан адамның 432-сі тұрақты жұмысқа орналасыпты. Ал биыл 360 жас жұмыс істеуде. Талап бойынша «Жастар тәжірибесіне» қатысушылар 29 жастан аспаған, мамандық бойынша 3 жыл ішінде жұмыс істемеген болуы тиіс. Жұмыс ұзақтығы – 1 жыл. 30 АЕК, бұл қазір 103 500 теңге көлемінде еңбекақысы да төленеді. Сәйкесінше, зейнетақы, әлеуметтік аударымдары жасалады.

Жыл басынан бері «Жас¬тар тәжірибесіне» қатысқан Інжу Қасымханованың практикасы аяқталар күн таяу. Ол одан кейін де өзі жұмысқа қабылданған аудандық «Жастар ресурстық орталығында» тұрақты жұмысқа қалу ниетте екен.

«Колледжді аяқтай салысымен бірден ауылға келдім. Келгеннен кейін «Жастар тәжірибесі» бойынша құжат тапсырдым. Себебі жұмыс берушілер еңбек өтілін сұрайды. Ал бұл жақсы мүмкіндік. Тәжірибе жинақтайсың, еңбекақы аласың, зейнетақы аударымдарың жүріп жатады. Ақшасы аз демеймін, мүлдем төленбесе бұдан да жаман болуы мүмкін еді ғой», – дейді ол. 

Өздеріне маман іздеген мекемелер мен ұйымдар үшін де «Жастар тәжірибесі» тиімді бағдарлама. Қажет мамандарын өздері оқытып алады. Әдетте, бағдарламаға қатысушылар мемлекеттік мекемелерге жіберіледі. Қазір жеке сектормен де байланыс тығыз екендігін айтады мамандар.

Аудандық статистика басқармасының басшысы Алтынкүл Қожамжарова маман табудың қиын екенін айтады. 

«Біздің жұмысқа сәйкес мамандарды біз өзіміз іздейміз, – дейді ол. – Оқытып, өзімізге кадр ретінде қалдырамыз. «Жастар тәжірибесі» уақытша жұмыс орны десек те, жас маманның алғашқы кәсіби машықтарын қалыптастаруға мол мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттің жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту бағытында шын мәнінде оң нәтижесін көрсеткен көп жылдан бері қолданыстағы шара. Жыл сайын қаншама түлек бітіреді, дайын тұрған жұмыс жоқ. Екінші жағынан маман тапшы деп зар қағатын кәсіпорын, өндіріс, ауруханалар мен мектептер көп. Екі тарап арасындағы байланыстың жолы – «Жастар тәжірибесіне» екі жақ та мүдделі. Осы бағдарлама аясына бастапқы кәсіби біліктілікке қол жеткізіп, өтіл жинақтайтын жастар уақыт өте келе сол мекемелерге дайын маман болып барады», – дейді басқарма басшысы.
09 мамыр 2023 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930