Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кене шаққан кезде не істеу керек?

Кене шаққан кезде не істеу керек?

Кененің шағуы адам өміріне қауіп төндірмейді. Алайда кененің сілекейімен бірге қанға түсетін вирустар аса қауіпті. Оның салдарынан адам кене энцефалиті және Конго-Қырым геморрагиялық безгегін жұқтыруы мүмкін.

Кене шаққан кездегі басты белгілер
Кене шаққан кезде адамның басы қатты ауырып, дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Тіпті, дене қалтырап, тері бөртіп қызаруы да мүмкін. Сондай-ақ бұлшық ет ауырып, адамның тыныс алуы қиындайды. Адамның тамаққа деген тәбеті жоғалып, жиі шаршайды.
Кене шақса, не істеу керек?
Кененің негізгі қорегі – қан. Сондықтан бұл жәндіктер адамдар мен жануарларды қан сору үшін шағады. Ол адамды шаққан кезде, сілекейімен бірге қанға жұқпалы вирустар енуі мүмкін. Бұл – адам өміріне өте қауіпті. Тіпті адам өліп кетуі мүмкін. Теріге енген кенені бірден алып тастау оңай емес. Сондықтан дәрігердің көмегі қажет.
Дәрігерге қаралуға мүмкіндік болмаса, теріге жабысқан қауіпті жәндікке вазелин  немесе өсімдік майын құю деген жаңылыс пікір, май тамызудың  қажеті жоқ. Пинцет немесе жіп ілгегінің көмегімен кенені тартып аласыз.Егер қолыңызда тиквестер болса, осы құралмен алған дұрыс. Кенені аларда  өте сақ болу  керек. Қан сорып жатқан кенені тұмсық астынан жіңішке жіппен байлап, немесе  тиквестермен асықпай, кене мұртшаларын толық шығарғанға дейін ақырын тарту қажет.
Егер кененің басы толық шықпай теріде қара дақ түрінде қалып қойса, бірден дәрігерге бару керек. Қауіпті жәндікті теріден алған соң, оның орнын йодпен немесе спиртпен зарарсыздандырған жөн. Сондай-ақ қолды мұқият жуып, оны йод немесе спиртпен сүрту керек. Өйткені кене қан сорған кезде оның жұқпалы вирустары денеде қалып қою мүмкін.
Кенені денеден алған соң, оны өртеп жіберген дұрыс. Қайнаған суға салуға да болады. Осыдансоң, адам 14-күн бойы аймақтық дәрігердің бақылауында болуы тиіс. Аурудың белгілері анықталған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) бірден дәрігерге тексерілу қажет.
Кене шаққан кезде 3 әрекетті жасамау  керек:
Терідегі кенені сықпау керек. Себебі, кенеде қауіпті вирустар бар. Ол қолдың ашық жаралары немесе тыртықтар арқылы адамағзасына енуімүмкін;
Теріге жабысқан кенені жұлмау керек. Өйткені, оны жұлған кезде жәндіктің басы теріде қалып қояды, жәндіктің улы сөлі адамағзасын атарайды;
Кенені тіспен жұлуға да болмайды. Қоздырғышты жұқтыруқаупі жоғарыболады
Сақтану жолдары:
Қауіпті жәндіктер шөптің, шеңгел өсімдігінің бұталарында, тазаланбаған  мал қораларда  болады. Сондық тантабиғат аясына демалуға шыққанда жабықаяқ  киімкиіңіз. Шалбардың балағын шұлықтың ішіне, ал көйлек немесе футболканы шалбардың ішіне салыңыз. Бас киімкиюді де ұмытпаңыз.
Кене адам терісіне жабысқан соң, жарты сағаттай шағатын жерді іздейді.
Кене адам денесінің жұмсақ жеріне жабысқанды жақсы көреді, көбіне бас, мойын, қолтық, тізенің астын шағады екен. Сондықтан бұл кеңесті жадыңызда ұстасаңыз,кененің шағуын алдыналу мүмкіндігіңіз болады.
Сонымен қатар қауіпт іжәндіктерден қорғайтын кремдер мен спрейлерді пайдаланыңыз.

Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы. Бас маман Н.Оспанов
15 сәуір 2023 ж. 896 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031