Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕНЕ ШАҒУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ

КЕНЕ ШАҒУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ

Конго –қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – адамның жедел жұқпалы ауруы, тікелей кененің шағуы арқылы таралады және қызбамен, көрнекті уыттанумен, тері мен ішкі мүшелерге қан төгілумен сипатталады. 1944 жылы аурудың жедел фазасында науқастың қанынан және Қырымда иксодты кенеден вирус бөлінген және оның аурудағы этиологиялық фактор ретіндегі маңызы дәлелденген. 11 жылдан кейін Конгода адамдардан осыған ұқсас аурулар тіркелген. Қоздырғыш Қырымнан бөлінген вируспен бірдей болған. Осыдан келе, 1985 жылы БӘДСҰ сарапшыларының шешімімен ресми түрде танылған аурудың «Конго-қырым геморрагиялық қызбасы» атауы қазір анағұрлым кең таралған. Әрі қарай КҚГҚ ошақтары көптеген елдерде анықталған, олардың 40-қа жуық саны облысымыздың 5 ауданында кездеседі. Кене-буын аяқты қансорғыш, адам денесіне аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, кене энцефалиті, кене риккетсиозы ауруларын таратады. Бұл аурудың аса қауіпті аталуы, егер, наукас дер кезінде дәрігерге қаралып, вирусқа қарсы дәрісін қабылдамаса қанның көп кетуінен өлімге әкеп соқтырады. Бұл аурулардың қоздырғышы вирус, вирусты тасымалдайтын кене адамды шаққан кезде, малдағы кенені жалаң қолмен жұлғанда, езіп өлтіргенде, қой қырку кезінде кенені қырқып тазартқанда кененің қаны шашырағанда жұғуы мумкін. Сондай-ақ, науқас адамға күтім жасау кезінде, оның қанымен жанасу болғаннан кейін жұғады. Қазіргі таңда аудан бойынша 2019 жылыдың 13 наурызынан бастап кене шағу бойынша 15 адамтіркелген. Оның ішінде 3 ересек адамдар болса, қалған 12-сі 14 жаска дейінгі балалар. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен былтыр 3 науқас тіркеліп, оның 1-еуі лабораториялық жолмен нақтыланды. Бұл аурудың жасырын кезеңі 1-3 күннен 14 күнге дейін. Адам ағзасында жалпы улану белгілері пайда болып, науқастың басы қатты ауырып, әлсіздік пайда болып, бұлшық еттері, суйектері сырқырап басталады.Ұйқысы бұзылып, дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Науқастың белі, іші ауырып, құсады. Ине шаншыған жерлері көгеріп көзі қызарып, ауыз, мұрын қуыстарынан 7-8-ші күндері қан кетеді. Дер кезінде емделмеген жағдайда науқастың қан анализдерінде қанның ұю уақыты ұзарып, қан көп кету жағдайынан кеш келген науқасты аман алып қалу мүмкін болмай қалады. Егер науқас дене қызуы көтерілісімен, 3-4 күндері ертерек келіп, емін дер кезінде алса, науқас жеңіл түрде немесе қан кету жағдайына жетпеи жазылып, 7 жылға дейін иммунитет қалыптасады.
Бұл індеттен сақтанудың жолы- кененің шағуын болдырмау және кенелерді жою шараларын жүргізу болып табылады. Кенелер малдың қанымен қоректенетіндіктен, малға кене жабыспау үшін дәрілеп, кенеден тазалау үшін тоғыту керек. Малға жабысқан кенені қайшымен қырқып тазалауға болмайды. Адамға жабысқан кенені кене жұлатын құралмен алып, орынын йод немесе спирт жағып бірнеше күнге дейін өңдеп тұрмаса жара пайда болуы мүмкін. Қауіпті инфекциядан өзіңізді қорғау үшін, міндетті түрде жеке басты қорғау ережелерін пайдаланғаныңыз аурудың алдын алады. Қәзіргі таңда кенеге қарсы улау жұмыстары республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен уланатын болады, тек улау алдында малдарыңыздың басы түгел және мал қораларыңыз тазартылған болу қажет. Тазартылмаған мал қораның кенелері дәрілеу кезінде көңнің астына тығылып, дәрінің күші кеткен соң қайтадан шығады. Ауданда 8-ші сәуірден бастап көктемгі улау жұмыстары кесте бойынша басталды. Кент, ауылдық округ әкімдері тарапынан хабарланған уақытта мал қораларыңызды тазалап, малдарыңыздың түгел болғанын қамтамасыз етіп, улау жұмыстарының сапалы жүргізілуіне атсалысып, залалсыздандыру жұмыстарын тиімді пайдалану қажет. Ол аурудың алдын алса, өз денсаулығыңыздың кепілдігі екенін ұмытпаңыз. Кене шаққан немесе денеңізге жабысып тұрғанын көрсеңіз тез арада дәрігерге көрінгеніңіз абзал. Өз бетіңізше ем жасамай, тек дәрігердің кеңесіне жүгінгеніңіз жөн. Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда

Н.Оспанов,
Шиелі аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.
16 сәуір 2019 ж. 1 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930