Кенеден келетін кесел!
Көктем келіп, тіршілік оянғанда солармен бірге адам денсаулығына қауіпті зиян келтіретін жәндіктерде оянып тіршілігін бастайды. Солардың бірі кәдімгі күнде мал қорада, мал үстінде, табиғатта кездесетін кенелер. Сол кене буын аяқты қансорғыш, адам денесіне аса қауіпті «Конго- Қырым геморрагиялық қызбасы , кене энцефалиті, кене риккетсиозы » ауруларын таратады.
Бұл аурудың аса қауіпті аталуы егер науқас дер кезінде дәрігерге көрініп емделмесе қанның көп кетуінен өлімге әкеп соқтыратынында. Бұл аурулардың қоздырғышы вирус, вирусты тасымалдайтын кене адамды шаққанда ғана жұқпайды, сондай-ақ малдағы кенені жалаң қолмен жұлғанда, езіп өлтіргенде, қой қырқу кезінде кенені қырқып тазартқанда кененің қаны шашырағанда жұғуы мүмкін. Сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде оның қанымен жанасу болғаннан кейін жұғады. Аудан бойынша 2022 жылы 158 науқасты кене шағып, медициналық көмекке жүгінсе, 11 науқас емханада дене қызулары көтеріліп емделген. «Конго- Қырым геморрагиялық қызбасы » ауруымен 4 науқас тіркеліп, оны ішінде 2 науқас осы аурудан көз жұмды. Аурудың жасырын кезеңі 1-7 күннен бастап, 12-14 күнге дейін созылуы мүмкін.Адам ағзасында жалпы улану белгілері пайда болып, науқастың басы қатты ауырады, әлсіздік пайда болып, бұлшық еттері, сүйектері сырқырап ауырады. Ұйқысы бұзылып, дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Науқастың белі, іші ауырып, құсу жағдайы да болады. Ине шаншыған жерлер көгеріп,көзі қызарып, ауыз, мұрын қуыстарынан 7-8 –ші күндері қан кетуі мүмкін. Дер кезінде емделмеген жағдайда науқастың қан анализдерінде қанның ұю уақыты ұзарып,қан көп кету жағдайына әкеліп соқтырып, кеш келген науқасты аман алып қалу жағдайы мүмкін болмай қалады. Егер науқас дене қызуы көтерілісімен, яғни 3-4 күндері ертерек келсе, емін дер кезінде алса , науқас жеңіл түрде немесе қан кету жағдайына жетпей жазылып кетеді де науқаста 7 жылға дейін иммунитет пайда болады.Бұл індетті болдырмас үшін басты жағдай кенелерді жою шараларын жүргізу болып табылады. Кенелер малдың қанымен қоректенетіндіктен малға кене жабыспау үшін дәрілеп тоғыту керек. Малға жабысқан кенені қайшымен қырқып тазалауға болмайды және жалаң қолмен алуға да болмайды. Адамға жабысқан кенені арнайы құрал арқылы алып, орнын йод немесе спирт жағып бірнеше күнге дейін өңдеп тұрмаса жара пайда болуы мүмкін. Қауіпті инфекциядан өзіңізді қорғау үшін міндетті түрде жеке басты қорғау ережелерін пайдаланғаныңыз аурудың алдын алатынын ұмытпаңыз. Аудан тұрғындарының малдары мен мал қоралары және елді мекен айналасы облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен уланатын болады, тек улау алдында малдарыңыздың басы түгел және мал қораларыңыз тазартылған болуы қажет. Тазартылмаған мал қораның кенелері көңнің астына тығылып, немесе қолдан жылжымайтын етіп жасалған ақыр астына, шөп салуға ыңғайланып жасалған үлкен жүк көліктерінің доңғалақтарының астына тығылып,дәрінің күші кеткесін қайтадан шығады, содан барып кенеге қарсы улау жұмыстарынан нәтиже болмай, ауруды жұқтыру қауіптілігі жоғарылайды. Сондықтан ауыл округ әкімдері тарапынан хабарланған уақытта мал қораларыңызды тазалап, малдарыңызды түгелдеп, улау жұмыстарының сапалы жүргізілуіне ат салысып, аурудың алдын алу өз денсаулығыңыздың кепілдігі екенін ұмытпағаныңыз абзал .

Шиелі аудандық СЭББ-ның
эпидемиологиялық қадағалау
бөлімінің бас маманы Оспанов Нұрлан Сейданыұлы