Ажырасу мәселені шеше ме?
Аудандық соттың берген мәліметіне сүйенсек, өткен жылы өңірде 237 адам ажырасуға өтінім берген. 218 заңды тұлғаның өтінім-талабы қабылданып, 134 жанның шешімі шығарылып, 133 отбасының некесі бұзылған. Ал биыл жыл басынан күні бүгінге дейін 43 адам заңды некені бұзуға арыз тастап үлгерсе, жауапкершіліктен жалтарып, баланың қажеттіліктерін өтеуге құлықсыз 47 адамға сот бұйрығы шығарылған. Демек, аудан көлемінде ажырасудың көрсеткіші жоғары. Бұған не себеп? Жауабын бірге іздеп көрелік...
Қазіргі таңда отбасының құндылығы жоғалып, ар-ұят, намыс секілді қазақ халқы жанынан қымбат санаған қасиеттер кеміп, қоғамның санасы улануда. Соның салдарынан бүгінгі қазақ қоғамында жетім-жесір, жауапсыз әке, «көкек ана» көбейіп, бұл мәселе қазіргі уақыттың асқынған дертіне айналды. Қырық жыл қырғын болса да, ажалы жетпей шаңырағын шайқалтпаған әкелер, тағдырдың қанша тауқыметін көрсе де мойымай, баласын мойынына салып жүріп жеткізген аналар көп еді бұл елде. Өкінішке қарай, тағдырдың ыстығы мен суығын бірге көтеретін жандар азайды.

«Осыншама отаудың шаңырағы неге шайқалды?» деген сұраққа отбасылық мәселемен айналыспайтын жандар да жобалап жауап бере алар-ау. Дегенмен, ғалымдар соңы міндетті түрде ажырасуға апаратын 13 түрлі себепті атайды. Ал статистиканың беретін дерек пен дәйегі жыл сайын өзгеріп отыратыны сөзсіз. Біз де ажырасудың өзіндік себептерін іздеп көрдік. Сонымен...
Ажырасуға не себеп?
Ойланып қарасақ, тұрмыстағы жандар тек бір себеппен емес, түрлі жағдаяттармен ажырасып жатады. Көп жағдайда үйдегі қаражаттың аздығы ажырасудың басты факторы болып табылады. Ол рас.
Ойланып қарасақ, тұрмыстағы жандар тек бір себеппен емес, түрлі жағдаяттармен ажырасып жатады. Көп жағдайда үйдегі қаражаттың аздығы ажырасудың басты факторы болып табылады. Ол рас.
Ал одан бөлек, бір-бірін құлай сүйіп қосылған жастардың арасындағы сезім басылғандықтан, көп ұзамай ажырасып жатады. Сезім суыса арадағы сыйластықтың қалмайтыны бесенеден белгілі емес пе? Ал сыйластықтың жібі үзілсе, шаңырақ шайқалып, түтіні түзу желбіреген үйдің күйрейтіндігі белгілі. Ажырасуды ардан аттау деп ойлайтын бұрынғы аға-жеңгелеріміз отбасын сақтап қалуға барын салды емес пе?
Қазір қыздар тұрмыстың тауқыметіне шыдас бере қоймайды. Әсіресе, ауылдық жерге келін болып, ақ босаға аттаған арулар ауылдың өмірінен қашады. Бұрындағы «Сиыр сауып, жүн түту сенің мойныңда» деген әндерді бүгінгі бұрымдылар тіпті естігісі келмейді. Қаланың өмірін құп көрген қылықтылар қиындықтың қамытынан қашады. Одан бөлек, ауылдағы ағайынның сөзіне шыдамай, ажырасуға дайын тұрады. Ата-енені баққысы келмейтін келіндер, күрсініс білдірсе, кім жақтырсын? Қиыншылыққа қалтаның жұқалығы, қаражаттың жоқтығы тағы қосылады. Міне, бұл әйел затын ажырасуға алып келетін басты себептер. Ал, ер азаматтарды тізбектеп көрсек...
Жас шағынан тұрмыстық өмірге ерте араласқан еркектердің 40 проценті көбіне ажырасып жатады. Бұл статистикалық дерек. Дегенмен, жастықтың буымен отау құрған ер азаматтың ажырасу себебі нақты ол емес. Ажырасқан қыздардың айтуы бойынша, еркек біткеннің есіктен ентелейтін бірнеше жаман әдеттері бар. Олар: маскүнемдік, құмар ойын ойнау, мезгілсіз қыдыру, жауапкершілікті сезінбеу, және жұмыссыздық. Иә, былай қарасақ, шындық осы. Расымен, отбасын құруға батыл шешім қабылдаған ер азаматтар көп жағдайда жауапсыздық танытып жатады. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, әрине. Десек те, үйленген соң үйден алыстап, маскүнемдікке салынып, отбасында жанжал шығаратын жігіттер жоқ емес. Мұндайда тауқымет зардабын тартатын ерлі-зайыптылар емес.
Әрине, ажырасулардың түрлі себептері болғанымен қатып қалған бір сценарийі жоқ. Мына бір жағдайға қараңызшы. Біраз жыл бұрын күйеуінен кетіп қалған бір көршіміз араға алты жыл салып қайта қосылды. Бұл оқиғаның ұзын-ырғасы мынадай. Баласы тілі шығып, құлдыраңдап жүгіре бастағаннан-ақ, әкесін сағынып, ауладан әрі-бері өткен ер-азаматтарға қарап отырады екен. Түсі жылы, жақсы киінген, жібі түзу бір адам көріп, ол жылышырай қабақ танытса болды: «Сіз менің әкемсіз бе?» деп сұрайды...
Баласының мұндай қылықтарын үнемі сыртынан бақылап отырған анасы ақыры жүрегі шыдамаған болуы керек, ұлы үшін бұрынғы күйеуінің барлық кемшіліктері мен қылықтарын кешіруге мәжбүр. Дәл осы оқиға біздің әрқайсымызды ойлантуы тиіс.
Статистика сөйлесін
Статистикаға сүйенсек, көбінесе ажырасуға 5-10 жыл бірге тұрған, 30-34 жас аралығындағы ерлі-зайыптылар барады. Он шақты жыл бірге өмір сүргендердің арасында әрине, бала болатыны белгілі. Алайда, осы аралықта олардың бір-бірінен көңілдері қалып, бірге құрған қиялдарының кемесі күйрейді. Психологтардың айтуынша, әр 10 жыл сайын туындайтын мұндай отбасылық дағдарыстарды жеңуге бүгінгі адамдардың жігері жетпей жатыр. Осы мәселеде Статистика комитеті ұсынған кестелерге көз салсақ, ауылдық жерлерге қарағанда, қала тұрғындары арасында ажырасулар екі есе көптігін байқаймыз. Сонда ауылдағылардың өмірі қаладағылардың тұрмысынан жақсарып кеткені ме?! Бұл жерде мамандар қалалықтардың ішкі еркіндігі әлдеқайда жоғары екендігін алға тартады. Ажырасуға бел байлаған қалалықтар миллион халқы бар мегаполиске сіңіп, жеке өмір сүрудің жүз түрлі айласын біледі. Ал «Ел не дейді? Ағайын-туыстан ұят болады» дейтін ауылдың жайы белгілі.

Бала демекші, республика бойынша 2018 жылы жеті айда 32 мың адам ажырасса, оның 19 мыңында бала бар. Сирек жағдайда ерлі-зайыптылар бір перзент үшін ажырасуға мәжбүр болып жатса, көп жағдайда кетісетін жұптарды бірнеше баласы да ұстап қала алмай отыр. Дегенмен, мына бір дерекке көз салайықшы, заңгерлер соңғы жылдары ажырасып кеткеннен кейін балаларын өзі бағуға тырысатын әкелердің саны ұлғайғанын алға тартады. 2000-2010 жылдары бұл көрсеткіш 30-40% болса, қазір 70 процентке өскен. Ал 2023 жылдың өзінде ажырасуға өтінім білдіргендердің қатары артқан. Мәселен, ажырасу бойынша үздік үштікке Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары енген. Алдыңғы көшті Шымкент тұрғындары да бастап тұр. Қызылорда облысында да жағдай мәз емес. Мысалы, Шиелі, Қазалы, Жаңақорған аудандарында тұратын жас отбасылар ажырасудан алдыңғы қатарда тұр. Бұл қуанарлық жағдай емес, әрине. Десек те аудан көлемінің өзінде 2022 жылы 222 адамға алимент өндіру бойынша сот бұйрығы шығарылған. 2023 жылы 47 тұлғаның сот шешімі шығарылған.
Сымбат СҰЛТАН