ӘСЕМ ӘУЕЗДІ АЗАНШЫ
Жексенбі күні аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Әсем әуезді азаншы» атты жарыс өтті. Аталған сайысқа өңірден 25-ке жуық үміткер қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарысқа облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Бекқожа Бекмағанбет мен Шиелі қарилер медресесінің ұстазы Сейілхан Дүйсенбеков төрелік етті. Қазылар алқасы азаншының тәжуиді мен мақамына, қатесіз оқуына мән берді.

Сайыс қорытындысы бойынша І орын Әлімжан Махамбетяровқа, ІІ орын Мұқан Ерғараевқа, ІІІ орын Руслан Алмахановқа бұйырды. Жеңімпаздардың барлығы қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды. Ал қалған барлық қатысушыға алғыс хаттар табыс етілді.
– Жарыстың мақсаты – жамағатты намазға құлағдар етіп, шақыру. Бес уақыт намазға азан айтылады. Осы азан арқылы көптеген адамдардың жүрегіне тура жол сыйлауға болады. Өзге ұлт өкілдері азан әуенін естіген уақытта қызығып, ислам дінін қабылдауы әбден мүмкін. Осындай жағдайлар көптеп кездескен. Осы күнде де, тарихымызда да. Сондықтан азан – бес уақыт намазға жамағатты хабарлауға арналған үлкен ұлық. Алланың бір белгісі, – дейді аудандық орталық мешіттің бас имамы Бақыт Ұлжаев.
С.МАДИЯРОВА